Қарағандыда үндістандық екі студент суға батып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевҚарағандыда үндістандық екі студент суға батып кетті
Қарағандыда үндістандық екі студент суға батып кетті     - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2026
Жазылу
Марқұмдардың денесі жағадан 15 метр қашықтықтан табылды
АЛМАТЫ, 31 мамыр - Sputnik. Қарағандыда Үндістаннан келіп оқып жүрген екі студент суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға Қарағанды қаласында Федоров су қоймасында болған.
"2004 және 2005 жылы туған екі жігіт тыйым салынған жерде шомылған. Олар суға батып, қайтыс болды", - дейді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Сүңгуір құтқарушылар 5 метр тереңдікте суға батқан адамдардың денесін жағадан 15 метр қашықтықтан тапты.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Қостанай облысында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Жаңалықтар
0