Қостанай облысында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Бала жүзу білмесе де, достарымен бәсекелесіп, суға секірген
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Тобыл өзеніне жасөспірім батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кейбір Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше бала жүзу білмесе де, достарымен бәсекелесіп, суға секіріп кеткен. Полиция қайғылы оқиғаның болғанын растады.
"Лисаков қаласының Тобыл өзенінен 2011 жылы туған жасөспірімнің денесі табылып, судан шығарылды", - деп хабарлады Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұл аумақта балалар жартастан суға секіріп, жиі шомылатын көрінеді.
Құтқарушылар жабдықталмаған жерлерде шомылу қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Алматы облысының тұрғыны Ерзат Егінбай жұмбақ жағдайда көз жұмды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Ерзат Егінбайдың өлімі: мәйітті судан шығарған бозбала оқиғаның қалай болғанын айтты
Жаңалықтар
0