Астанадағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды столицы Казахстана и ее окрестностей с высоты птичьего полета
Виды столицы Казахстана и ее окрестностей с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2026
Жазылу
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылды
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. "Астана қаласының айналма жолы" автожолының учаскесі 15 маусымға дейін жабылады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.
Компанияның мәліметінше автомобиль жолының 8-22 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Жөндеу жұмыстары кезеңінде Қарағанды бағытына қатынайтын жүргізушілер уақытша ұйымдастырылған айналма маршрут, атап айтқанда, Қостанай, Көкшетау, Қосшы және Қарағанды бағыттары арқылы жүреді", - деп жазылған хабарламада.
Жұмыс жүргізілетін учаскеде уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауды сұрады.
Ремонт дороги, дорожная техника, асфальтирование, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Ауылдарға асфальт жол төселмейді - көлік министрі себебін айтты
Жаңалықтар
0