https://sputnik.kz/20260519/auyldarga-asfalt-zhol-toselmeydi---kolik-ministri-sebebin-aytty-63562769.html
Ауылдарға асфальт жол төселмейді - көлік министрі себебін айтты
Ауылдарға асфальт жол төселмейді - көлік министрі себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Бір ауылға асфальтпен жол салғанша он ауылға қиыршық таспен жол төсеп берген тиімді 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T16:41+0500
2026-05-19T16:41+0500
2026-05-19T16:44+0500
министрлік
асфальт
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15022521_3:0:3644:2048_1920x0_80_0_0_22bda36140a6e690bdeaf1116f291d81.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ауылды жерлерге жаппай асфальт төсемеудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сауранбаевтың айтуынша, шағын ауылдардың бәріне асфальтпен жол төсеуге ақша жетпейді.Осы орайда министр Германияны мысалға келтірді. Ол жақта ауылды жерлерде фермерлер қиыршық таспен төселген жолмен жүреді."Еліміздің жері кең, ал қаражатты тиімді жұмсау керек. Ал барлық жерде асфальт төсесек, бюджетке үлкен салмақ түседі", - деді Сауранбаев.Министрдің айтуынша, заңда жолдардың сапасына қатысты нақты талап та бар. Оған сәйкес, республикалық жолдар, сондай-ақ, облыс орталығынан аудандарға дейінгі жолдар асфальтпен төселеді. Ал аудан орталығынан ары қарай қиыршық тас қолданылады.
https://sputnik.kz/20260512/koktemde-eki-audanda-qurgaqshylyq-bolady---ministr-63345922.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15022521_458:0:3189:2048_1920x0_80_0_0_fd99f063a00346e85d20d72b12421598.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, асфальт, ауыл
министрлік, асфальт, ауыл
Ауылдарға асфальт жол төселмейді - көлік министрі себебін айтты
16:41 19.05.2026 (жаңартылды: 16:44 19.05.2026) Бір ауылға асфальтпен жол салғанша он ауылға қиыршық таспен жол төсеп берген тиімді
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ауылды жерлерге жаппай асфальт төсемеудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сауранбаевтың айтуынша, шағын ауылдардың бәріне асфальтпен жол төсеуге ақша жетпейді.
"Бір шақырым асфальттің бағасы - шамамен 1 млн доллар. Ауылға дейін 40 шақырым болса, 40 млн доллар кетеді. Ал 15-20 адам тұратын жерге ондай жолды салған тиімсіз ғой. Ертең комбайн және ауыр техника жүреді. Оны кім бақылайды? Бір жарым-екі жылдың ішінде жолдың быт-шыты шығады. Бір ауылға асфальтпен жол салғанша он ауылға қиыршық таспен жол төсеп берген тиімді. Ақша болса, бәріне асфальт төсеп тастауға болатын еді", - деді Сауранбаев үкіметтегі брифингте.
Осы орайда министр Германияны мысалға келтірді. Ол жақта ауылды жерлерде фермерлер қиыршық таспен төселген жолмен жүреді.
"Еліміздің жері кең, ал қаражатты тиімді жұмсау керек. Ал барлық жерде асфальт төсесек, бюджетке үлкен салмақ түседі", - деді Сауранбаев.
Министрдің айтуынша, заңда жолдардың сапасына қатысты нақты талап та бар. Оған сәйкес, республикалық жолдар, сондай-ақ, облыс орталығынан аудандарға дейінгі жолдар асфальтпен төселеді. Ал аудан орталығынан ары қарай қиыршық тас қолданылады.