Көктемде екі ауданда құрғақшылық болады - министр

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚұрғақшылық
Құрғақшылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
Ауа температурасының жоғары болуына байланысты топырақтың үстіңгі қабатының тез кебу қаупі бар
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көктемде екі ауданда құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көктемгі дала жұмыстары кезінде Қостанай, Ақмола, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында топырақтың ылғал қоры қанағаттанарлық.
"Бұл ретте ауа температурасының жоғары болуына байланысты топырақтың үстіңгі қабатының тез кебу қаупі бар. Сондықтан жекелеген аудандарда жергілікті ылғал тапшылығы болуы мүмкін. Мәселен, Ақтөбе облысының Шалқар және Жамбыл облысының Қордай аудандарының жайылымдарында құрғақшылық қалыптасуы ықтимал", - деді Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Жалпы мамыр айында ауа райы егін егу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болады. Ал маусым айында Ұлытау мен Ақтөбе облыстары, Қостанай облысының оңтүстігі, Түркістан облысының солтүстігі және Батыс Қазақстан өңірінің оңтүстік-шығысында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін.
"Шілде айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы норма шегінде күтіледі", - деді министр.
Совещание в правительстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
"Рұқсатсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс": Бектенов министрге тапсырма берді
Жаңалықтар
0