https://sputnik.kz/20260530/zhambyl-oblysynda-ush-kun-buryn-zhogalgan-malshy-tabyldy-63831968.html
Жамбыл облысында үш күн бұрын жоғалған малшы табылды
Жамбыл облысында үш күн бұрын жоғалған малшы табылды
Sputnik Қазақстан
Кеше іздеу тобы жылқы мен малды тапқанымен, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған 30.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-30T13:39+0500
2026-05-30T13:39+0500
2026-05-30T13:39+0500
жамбыл облысы
құтқару қызметі
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25191572_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_3af9c45a657902b10300cb431f0d6b7a.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында құтқарушылар жоғалған малшыны тапты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Бүгін таңертең Жамбыл облысының Сарысу ауданында жоғалған малшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.Екі күн бұрын құтқарушыларға 1971 жылы туған ер адамның 27 мамыр күні жылқымен мал бағуға шығып, қайта оралмағаны туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп және арнайы техника пайдаланылды.Кеше іздеу тобы жылқы мен малды тапқанымен, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған. Осыған байланысты іздестіру жұмыстары үздіксіз жалғастырылды.Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында іздестіру-құтқару операциясы сәтті аяқталды.
https://sputnik.kz/20260522/apau-qaydasyz-batys-qazaqstanda-zhogalgan-ayel-bir-taulikten-keyin-togaydan-tabyldy-63627283.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25191572_141:0:1280:854_1920x0_80_0_0_9400a69e92ebb59e584e520bd5242167.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, құтқару қызметі, төтенше жағдай
жамбыл облысы, құтқару қызметі, төтенше жағдай
Жамбыл облысында үш күн бұрын жоғалған малшы табылды
Кеше іздеу тобы жылқы мен малды тапқанымен, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында құтқарушылар жоғалған малшыны тапты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Бүгін таңертең Жамбыл облысының Сарысу ауданында жоғалған малшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.
Екі күн бұрын құтқарушыларға 1971 жылы туған ер адамның 27 мамыр күні жылқымен мал бағуға шығып, қайта оралмағаны туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп және арнайы техника пайдаланылды.
Кеше іздеу тобы жылқы мен малды тапқанымен, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған. Осыған байланысты іздестіру жұмыстары үздіксіз жалғастырылды.
"Бүгін құтқарушылар малшыны Ақтоғай ауылынан 7 шақырым қашықтықтағы дала аумағынан тапты. Табылған кезде ол қатты шаршаған, шөлдеген және аяқ киімсіз болған. Алайда медициналық көмекке мұқтаж болмаған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында іздестіру-құтқару операциясы сәтті аяқталды.