https://sputnik.kz/20260529/politsiya-terek-mamygyn-ortegeni-ushin-zhauapkershilik-bar-ekenin-eskertti-63789113.html
Полиция терек мамығын өртегені үшін жауапкершілік бар екенін ескертті
Полиция терек мамығын өртегені үшін жауапкершілік бар екенін ескертті
Sputnik Қазақстан
Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген 29.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-29T08:29+0500
2026-05-29T08:29+0500
2026-05-29T08:29+0500
полиция
тәртіп бұзушылық
әкімшілік айыппұл
https://sputnik.kz/img/1399/47/13994745_24:0:3556:1987_1920x0_80_0_0_a76d91d01a722fccd81edee8f2b79756.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Полиция терек мамығын өртегені үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.Бүгінде кәмелетке толмағандар мен ересектердің терек мамығын өртеу фактілері тіркеліп отыр, дейді тәртіп сақшылары."Көпшілік мұны “ермек” деп қабылдағанымен, мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп, құрғақ шөптің, қоқыстың, автокөліктердің, балалар алаңдарының және тұрғын үйлердің өртенуіне себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.Полиция терек мамығын қасақана өртеу өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналатынын ескертеді.Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі тұлғалар келесі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін:Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген.Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу “102” арнасына хабарлауға шақырады.
https://sputnik.kz/20260528/qazaqstanda-bet-zhuzin-tumshalagan-mynnan-astam-adam-zhauapkershilikke-tartyldy-63767007.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1399/47/13994745_466:0:3115:1987_1920x0_80_0_0_0e898d23b21c2e6d2414e6a52f58f77e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, тәртіп бұзушылық, әкімшілік айыппұл
полиция, тәртіп бұзушылық, әкімшілік айыппұл
Полиция терек мамығын өртегені үшін жауапкершілік бар екенін ескертті
Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Полиция терек мамығын өртегені үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Бүгінде кәмелетке толмағандар мен ересектердің терек мамығын өртеу фактілері тіркеліп отыр, дейді тәртіп сақшылары.
"Көпшілік мұны “ермек” деп қабылдағанымен, мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіріп, құрғақ шөптің, қоқыстың, автокөліктердің, балалар алаңдарының және тұрғын үйлердің өртенуіне себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Полиция терек мамығын қасақана өртеу өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналатынын ескертеді.
Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі тұлғалар келесі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша — өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін;
ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша — қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін;
кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген.
Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу “102” арнасына хабарлауға шақырады.