https://sputnik.kz/20260528/qazaqstanda-bet-zhuzin-tumshalagan-mynnan-astam-adam-zhauapkershilikke-tartyldy-63767007.html
Қазақстанда бет-жүзін тұмшалаған мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Қазақстанда бет-жүзін тұмшалаған мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Sputnik Қазақстан
Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретін киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T14:01+0500
2026-05-28T14:01+0500
2026-05-28T14:03+0500
полиция
айыппұл
министрлік
https://sputnik.kz/img/459/74/4597411_0:80:3681:2151_1920x0_80_0_0_9ae22308e9a1060969b8ad2f692b2b0b.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигендер жауапкершілікке тартылады. Заң талабы туралы ішкі істер министрлігі тағы бір еске салды.Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтарға бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдер кимеуді ескертті. Бұл норма "Құқық бұзушылық профилактикасы" заңының 75-бабы 3-тармағында көзделген.Бұл тыйым ауа райы жағдайына және медициналық ұсынымдарға қатысты емес. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды."Жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында белгіленген. Атап айтқанда, алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", - дейді министрлік.Дәл осы құқық бұзушылық бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылады.
https://sputnik.kz/20240902/bas-mufti-nikab-kiyuge-qatysty-tusinikteme-berdi-46752135.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/459/74/4597411_355:0:3327:2229_1920x0_80_0_0_26483e7e72e3189c542b7e7b8b65db8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, айыппұл, министрлік
полиция, айыппұл, министрлік
Қазақстанда бет-жүзін тұмшалаған мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
14:01 28.05.2026 (жаңартылды: 14:03 28.05.2026) Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретін киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигендер жауапкершілікке тартылады. Заң талабы туралы ішкі істер министрлігі тағы бір еске салды.
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтарға бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдер кимеуді ескертті. Бұл норма "Құқық бұзушылық профилактикасы" заңының 75-бабы 3-тармағында көзделген.
"Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады", - деп жазды Polisia.kz.
Бұл тыйым ауа райы жағдайына және медициналық ұсынымдарға қатысты емес. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды.
"Жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында белгіленген. Атап айтқанда, алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", - дейді министрлік.
Дәл осы құқық бұзушылық бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылады.