https://sputnik.kz/20260529/ote-durys-aytty-toqaev-eaeo-ayasynda-seriktesterdi-muqiyat-irikteu-ideyasyn-qoldady-63818559.html
"Өте дұрыс айтты": Тоқаев ЕАЭО аясында серіктестерді мұқият іріктеу идеясын қолдады
"Өте дұрыс айтты": Тоқаев ЕАЭО аясында серіктестерді мұқият іріктеу идеясын қолдады
Sputnik Қазақстан
Еркін сауда аймағын құратын серіктестер мұқият таңдалуы қажет 29.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-29T17:18+0500
2026-05-29T17:18+0500
2026-05-29T17:18+0500
еаэо
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1d/63795970_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_92de85b202f42108694ffb2684b87e8d.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь басшысы Александр Лукашенконың ЕАЭО-ға қатысушыларды іріктеп таңдау туралы ұсынысын қолдады.Мемлекет басшысының пікірінше, одақтың Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен, сондай-ақ беделді өңірлік экономикалық бірлестіктермен байланыстарын одан әрі кеңейту қажет.Мемлекет басшысы Қазақстан ЕАЭО органдарына төрағалығы аясында мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық әлеуетін нығайтуға, орнықты дамуын қамтамасыз етуге алдағы уақытта да барынша жәрдемдесе беретінін мәлімдеді."Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, маңызды нәтижеге қол жеткізе аламыз және одақ аясындағы ынтымақтастықты жаңа әрі сапалы деңгейге шығарамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Былтыр ЕАЭО қызметінің стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтадық. Алдымызда Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияда қарастырылған көптеген міндет тұр", – деді Қазақстан президенті.
https://sputnik.kz/20260529/eaeo-elderinin-tauar-aynalymy-100-mlrd-dollardan-asady--toqaev-63808479.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1d/63795970_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_45d86b15ae00369f500aba82827cd840.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, қасым-жомарт тоқаев
еаэо, қасым-жомарт тоқаев
"Өте дұрыс айтты": Тоқаев ЕАЭО аясында серіктестерді мұқият іріктеу идеясын қолдады
Еркін сауда аймағын құратын серіктестер мұқият таңдалуы қажет
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь басшысы Александр Лукашенконың ЕАЭО-ға қатысушыларды іріктеп таңдау туралы ұсынысын қолдады.
Мемлекет басшысының пікірінше, одақтың Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен, сондай-ақ беделді өңірлік экономикалық бірлестіктермен байланыстарын одан әрі кеңейту қажет.
"Қазір Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс басқа да қызмет бағыттары сияқты назар аударуға лайық. Менің ойымша, шағын құрамдағы кездесуде Беларусь президенті өте дұрыс ұсыныс айтты. Еркін сауда аймағын құратын серіктестер де, сондай-ақ байқаушы мәртебесіне ие болатын елдер де мұқият таңдалуы қажет. Яғни бәрін бірдей емес, шын мәнінде белгілі бір талаптарға сай келетін және Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелетін елдерді қабылдау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан ЕАЭО органдарына төрағалығы аясында мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық әлеуетін нығайтуға, орнықты дамуын қамтамасыз етуге алдағы уақытта да барынша жәрдемдесе беретінін мәлімдеді.
"Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, маңызды нәтижеге қол жеткізе аламыз және одақ аясындағы ынтымақтастықты жаңа әрі сапалы деңгейге шығарамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Былтыр ЕАЭО қызметінің стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтадық. Алдымызда Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияда қарастырылған көптеген міндет тұр", – деді Қазақстан президенті.