ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 100 млрд доллардан асады – Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета в Астане
Касым-Жомарт Токаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Одақ мемлекеттерінің жалпы ішкі өнімі 2026-2027 жылдары 2,5 процентке өседі деп болжанып отыр
АСТАНА, 29мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялықэкономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында одақтың даму көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі болжамға сәйкес, одақ мемлекеттерінің жалпы ішкі өнімі 2026-2027 жылдары 2,5 процентке өседі.
"Жаһандық нарықтардың тұрақсыздығына қарамастан, былтыр одақ елдері арасында тауар айналымы 95 млрд доллардан асты. Биыл өзара сауда-саттықтың көлемі 6 процентке өседі деп отырмыз. Осылайша, 100 млрд доллардың межесінен асуға мүмкіндік болады", - деді Тоқаев кеңестің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда президент халықаралық ұйымдардың болжамын еске салды. Мәселен, Халықаралық валюта қорының баяндамасы бойынша биыл әлемдік экономиканың дамуы 3 процентке дейін баяулайды. Сондықтан одақ елдеріне барынша бейімделіп, ішкі тұрақтылықты арттыру қажет.
ИИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Цифрландыру ЕАЭО-дағы экономикалық өсімді айтарлықтай жеделдетіп отыр - ЕЭК
Жаңалықтар
0