https://sputnik.kz/20260529/tsifrlandyru-eaeo-dagy-ekonomikalyq-osimdi-aytarlyqtay-zhedeldetip-otyr---eek-63805169.html
Цифрландыру ЕАЭО-дағы экономикалық өсімді айтарлықтай жеделдетіп отыр - ЕЭК
Цифрландыру ЕАЭО-дағы экономикалық өсімді айтарлықтай жеделдетіп отыр - ЕЭК
Sputnik Қазақстан
Цифрландыру және жасанды интеллект экономиканы өзгермелі құрылымдарға икемді және бейімделгіш етеді 29.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-29T14:09+0500
2026-05-29T14:09+0500
2026-05-29T14:15+0500
цифрландыру
нарық
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_54:161:1048:720_1920x0_80_0_0_f98fe4d5fb34387c9f6deb652ab88e58.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық форумның күн тәртібіндегі цифрландыру және жасанды интеллект өте маңызды, деді ЕЭК макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Алексей Ведев Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.Оның айтуынша, цифрландыру және жасанды интеллект экономиканы өзгермелі құрылымдарға икемді және бейімделгіш етеді."ЕАЭО мүдделері Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай жылжып келеді. Бұл түбегейлі басқа логистика. Ал экономикадағы цифрландыру сөзсіз өте пайдалы болып отыр", - деді Алексей Ведев.Ол сондай-ақ жақын болашақта Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына қатысты өз көзқарасымен бөлісіп, ЕАЭО елдері үшін сезімтал мәселе болып табылатын инфляция мәселесіне тоқталды.Ол сонымен қатар Одақ экономикасына қатысты болжамымен бөлісті."2024 жылы ЕАЭО әлемдік орташа деңгейден жоғары айтарлықтай күшті экономикалық өсімді көрсетті. 2025 жылы біршама баяулау байқалды. Кейбір елдер тамаша нәтижелер көрсетті. Мысалы, Қазақстан 6,5%, ал Қырғызстан шамамен 10%-ға өсті, бірақ бұл шағын экономика. Ресей, керісінше, тек 1%. Өкінішке қарай, ЕАЭО-ның әлемдік экономикадағы үлесі биыл да төмендей береді деп ойлаймын", - деді Алексей Ведев.
https://sputnik.kz/20260529/eaeo-ushinshi-eldermen-sauda-zhane-yntymaqtastyqty-belsendi-turde-keneytip-zhatyr-63799183.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_0:106:819:720_1920x0_80_0_0_cbdb769245b245470b1778ca28259f40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, нарық, еаэо
Цифрландыру ЕАЭО-дағы экономикалық өсімді айтарлықтай жеделдетіп отыр - ЕЭК
14:09 29.05.2026 (жаңартылды: 14:15 29.05.2026) Цифрландыру және жасанды интеллект экономиканы өзгермелі құрылымдарға икемді және бейімделгіш етеді
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық форумның күн тәртібіндегі цифрландыру және жасанды интеллект өте маңызды, деді ЕЭК макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Алексей Ведев
Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
"Экономиканы цифрландыру орта мерзімді экономикалық өсімнің факторы бола алады. Мәселе мынада, қызметтер ЖІӨ-нің шамамен 50%-ын құрайды, және цифрландыру экономикалық өсімді айтарлықтай жеделдетеді. Еңбек өнімділігі мен оның әсеріне жету үшін жылдар, тіпті ондаған жыл қажет болса, қазір бәрі өте тез болып жатыр. Бір ай, бір жыл және біздің өміріміз танымастай өзгереді", - деді Ведев.
Оның айтуынша, цифрландыру және жасанды интеллект экономиканы өзгермелі құрылымдарға икемді және бейімделгіш етеді.
"ЕАЭО мүдделері Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай жылжып келеді. Бұл түбегейлі басқа логистика. Ал экономикадағы цифрландыру сөзсіз өте пайдалы болып отыр", - деді Алексей Ведев.
Ол сондай-ақ жақын болашақта Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына қатысты өз көзқарасымен бөлісіп, ЕАЭО елдері үшін сезімтал мәселе болып табылатын инфляция мәселесіне тоқталды.
"Соңғы екі жылда ЕАЭО елдері айтарлықтай жоғары инфляцияға тап болды, ал ұлттық банктер негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеру арқылы онымен күресуге мәжбүр. Әрине, қымбат ақша экономикалық өсімді баяулатады.Бұл объективті процесс және ағымдағы жыл төмен өсім жылы және болашақтағы дамуға бейімделу жылы болатын сияқты", - деді сарапшы.
Ол сонымен қатар Одақ экономикасына қатысты болжамымен бөлісті.
"2024 жылы ЕАЭО әлемдік орташа деңгейден жоғары айтарлықтай күшті экономикалық өсімді көрсетті. 2025 жылы біршама баяулау байқалды. Кейбір елдер тамаша нәтижелер көрсетті. Мысалы, Қазақстан 6,5%, ал Қырғызстан шамамен 10%-ға өсті, бірақ бұл шағын экономика. Ресей, керісінше, тек 1%. Өкінішке қарай, ЕАЭО-ның әлемдік экономикадағы үлесі биыл да төмендей береді деп ойлаймын", - деді Алексей Ведев.