ЕАЭО-ға мүше елдердің өнеркәсіп өндірісі соңғы 5 жылда 15%-ке өсті

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Шымкентский НПЗ
Шымкентский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Ауыл шаруашылығы өндірісі де 12,4%-ке артқан
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп өндірісі соңғы бес жылда шамамен 15%-ке өскен. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өндірісі де 12,4%-ке артқан.
"Сонымен қатар 2023–2024 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары деңгейге шықты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 35,8%-ке өсті", - деді Сағынтаев.
Ол өзара тауар саудасының көлемі 79,8%-ке айтарлықтай артқанын атап өтті. Ал ұлттық валюталармен есеп айырысу үлесі 93%-тен асқан.
Касым-Жомарт Токаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 100 млрд доллардан асады – Тоқаев
Жаңалықтар
0