ЕАЭО мен Тунис арасындағы келіссөз процесі басталды – Жапаров

© Sputniik/Игорь ЛекаркинФлаг ЕАЭС
Флаг ЕАЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта ЕАЭО Қытай, Вьетнам, Иран және Сербиямен сауда келісімдеріне қол жеткізген
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ пен Тунис арасында келіссөз басталды. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта ЕАЭО Қытай, Вьетнам, Иран және Сербиямен сауда келісімдеріне қол жеткізген. Жақын арада Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, Индонезиямен еркін сауда жасау туралы келісімдер күшіне енеді.
"Бүгінде Үндістанмен келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Ал бүгін Тунис Республикасымен келіссөз басталды", - деді Садыр Жапаров Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында.
Айта кетері, бүгінде одаққа бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Армения кіреді. Ал Өзбекстан, Иран, Молдова және Куба бақылаушы мәртебесіне ие.
Касым-Жомарт Токаев на заседании Высшего Евразийского экономического совета в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 100 млрд доллардан асады – Тоқаев
Жаңалықтар
0