Атом саласы мамандары Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізіміне енді

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Казахстане стартует строительство первой АЭС
В Казахстане стартует строительство первой АЭС   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Министрлік жаңа тізімді бір ай ішінде жариялайды
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. Атом саласындағы мамандықтар Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізіміне енді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Еуразиялық экономикалық форум алаңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты.
Қазір тізімде 200-ге жуық кәсіп бар, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, ІТ, денсаулық сақтау, білім беру және креативті индустрия салалары қамтылған.
"Біздің 49-шы бұйрығымызға сәйкес 52 мамандық бар. Дәрігерлер, ІТ мамандары, өңдеу өнеркәсібі, инженерлер және тағы басқа мамандықтар енгізілген. Бірақ біз бұл тізімді талдадық, ол кеңейіп келеді. Атом энергетикасы және басқа да әртүрлі мамандықтар қосылды. Кеше маған қазірдің өзінде 200-ге жуық мамандық сұранысқа ие екені туралы баяндалды", - деді Ертаев.
Ол тізімделген құжатты министрлік бір ай ішінде жариялайтынын айтты.
АЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Президент Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті
Жаңалықтар
0