https://sputnik.kz/20260417/prezident-atom-salasyn-damytudyn-2050-zhylga-deyingi-strategiyasyn-bekitti-62752219.html
Президент Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті
Президент Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті
Sputnik Қазақстан
Ол елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге тиіс 17.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-17T20:58+0500
2026-04-17T20:58+0500
2026-04-17T20:58+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0e/54653456_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_84c0520388513b5052845e57d6759159.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Президент "Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын" бекітті, деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.Стратегия – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, тәсілдерін және басым бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат.Стратегия Қазақстанда әлемдік ядролық экожүйеге интеграцияланған заманауи және орнықты ядролық кластерді қалыптастыруға, елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге тиіс.Жалпы алғанда, атом саласын дамыту стратегиясы 2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш атом электр станциясының жұмыс істеуін көздейді.Электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, төртінші станцияны салу жобасын іске асыру қарастырылған. Бұл экономика мен халықтың сенімді әрі экологиялық таза энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20251121/balqash-aes-nyn-qurylysy-qashan-bastalady--satqaliev-merzimin-atady-58982443.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0e/54653456_272:0:1232:720_1920x0_80_0_0_9855d85cabe1e416c9baf71eec10e0b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Президент Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті
Ол елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге тиіс
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Президент "Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын" бекітті, деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
Стратегия – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, тәсілдерін және басым бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат.
"Ол жаһандық үрдістер мен ішкі сын-қатерлерді ескере отырып әзірленген, ұлттық энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және халықаралық Климаттық міндеттемелерді орындауға бағытталған", - делінген хабарламада.
Стратегия Қазақстанда әлемдік ядролық экожүйеге интеграцияланған заманауи және орнықты ядролық кластерді қалыптастыруға, елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге тиіс.
Жалпы алғанда, атом саласын дамыту стратегиясы 2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш атом электр станциясының жұмыс істеуін көздейді.
Электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, төртінші станцияны салу жобасын іске асыру қарастырылған. Бұл экономика мен халықтың сенімді әрі экологиялық таза энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.