Балқаш АЭС-ның құрылысы қашан басталады – Сәтқалиев мерзімін атады

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Казахстане стартует строительство первой АЭС
В Казахстане стартует строительство первой АЭС   - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2025
Жазылу
Ресейлік жоба бойынша құрылыс 2029 жылы басталады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Балқаш атом электр станциясының құрылысы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде АЭС салынатын жерде гидрологиялық, гидротехникалық және топографиялық зерттеу жұмыстары атқарылды. Екі гидробекет орнатылды.
"Жалпы, барлық жұмыс кесте бойынша атқаралып жатыр. 18 айдың ішінде жобалау-іздестіру шаралары аяқталады. Одан кейін станцияның конфигурациясы қолымызда болады. Құрылыс жұмыстарының нақты қай кезде басталатынын айту қиын. Бірақ ресейлік жоба бойынша 2029 жылы басталады", - деді Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, Балқаш атом электр станциясын ресейлік "Росатом" компаниясы басқаратын халықаралық консорциум салады.
АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС "Балқаш" деп аталады
Жаңалықтар
0