Қазақстандағы алғашқы АЭС "Балқаш" деп аталады

© Sputnik/Ертай СарбасовАЭС макеті
АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
"Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Еліміздегі алғашқы атом электр станциясы "Балқаш" деп аталатын болды, деп хабарлады атом энергиясы жөніндегі агенттік.
Конкурс комиссиясы анықтағандай, "Балқаш" атом электр станциясы" атауы азаматтардан ең көп ұсынылған нұсқа болған. Бұл атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді, дейді агенттіктегілер.
Еске салайық, 25 қыркүйекте АЭС атауына байқау жарияланған болатын. Нысанға арналған атаулардың нұсқасы 10 қазанға дейін қабылданды. Байқауға 27 мыңнан астам өтінім түскен.
Конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысқан. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болды.
Түскен барлық өтінімдерден 10 460 бірегей нұсқа анықталды. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілді.
"Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынды және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге конкурс комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтады:
"Атомная электростанция "Балхаш"";
"Balkhash Nuclear Power Plant".
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын ресейлік "Росатом" корпорациясы жетекшілік ететін халықаралық консорциум салады.
АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қараша айының соңына дейін белгілі болады
Жаңалықтар
0