https://sputnik.kz/20260528/zhyl-basynan-beri-iim-izdeu-salgan-30-ga-zhuyq-qylmysker-resey-aumagynda-ustaldy-63751787.html
Қазақстан іздеу салған 30-ға жуық қылмыскер Ресей аумағында ұсталды
Қазақстан іздеу салған 30-ға жуық қылмыскер Ресей аумағында ұсталды
Sputnik Қазақстан
Өз кезегінде қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестері үшін іздеуде жүрген 212 адамды анықтады 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T08:37+0500
2026-05-28T08:37+0500
2026-05-28T09:57+0500
қазақстан
ресей
қылмыскер
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресей ІІМ қылмыскерлерді іздестіру бағытында өзара іс-қимылды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Жыл басынан бері Ресей Федерациясының аумағында Қазақстан ішкі істер органдары іздестіріп жүрген 27 қылмыскер анықталды. Олардың 14-і ұсталып, 13 адамның жүрген жері белгілі болды.Өз кезегінде қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестері үшін іздеуде жүрген 212 адамды анықтады. Олардың ішінде 31 қылмыскер ұсталып, 180 адамның жүрген жері анықталды.Тергеу мәліметінше, 2012 жылы Ресей Федерациясының Калуга қаласында күдікті жанжал барысында үй иесінің басына шабатын затпен үш рет соққы жасаған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.Сонымен қатар Ресей Федерациясының Владикавказ қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады."Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, 2022 жылғы 14 қаңтарда Шымкент қаласындағы автосалондардың бірінде ер адам жергілікті тұрғыннан Toyota Camry автокөлігін 20 миллион теңгеге сатып беремін деген сылтаумен алған. Кейін құжаттарды қолдан жасап, көлікті белгісіз тұлғаға сатып жіберіп, жәбірленушіге материалдық шығын келтірген",- дейді полицияда.Қазақстан ішкі істер министрлігі екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл жауапкершіліктен жалтарып жүрген адамдарды тез анықтап, ұстауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін хабарлады.
https://sputnik.kz/20260527/zhyl-basynan-beri-qazaqstan-men-resey-arasynda-99-myn-zholaushy-poyyzben-qatynady-63737911.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, қылмыскер
қазақстан, ресей, қылмыскер
Қазақстан іздеу салған 30-ға жуық қылмыскер Ресей аумағында ұсталды
08:37 28.05.2026 (жаңартылды: 09:57 28.05.2026) Өз кезегінде қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестері үшін іздеуде жүрген 212 адамды анықтады
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресей ІІМ қылмыскерлерді іздестіру бағытында өзара іс-қимылды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Ресей Федерациясының аумағында Қазақстан ішкі істер органдары іздестіріп жүрген 27 қылмыскер анықталды. Олардың 14-і ұсталып, 13 адамның жүрген жері белгілі болды.
Өз кезегінде қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестері үшін іздеуде жүрген 212 адамды анықтады. Олардың ішінде 31 қылмыскер ұсталып, 180 адамның жүрген жері анықталды.
"Бірлескен жұмыстың нәтижелерінің бірі ретінде Ақтау қаласының әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамның ұсталғанын айтуға болады. Ол Баку қаласына ұшып кетпек болған кезде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу мәліметінше, 2012 жылы Ресей Федерациясының Калуга қаласында күдікті жанжал барысында үй иесінің басына шабатын затпен үш рет соққы жасаған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Сонымен қатар Ресей Федерациясының Владикавказ қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады.
"Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, 2022 жылғы 14 қаңтарда Шымкент қаласындағы автосалондардың бірінде ер адам жергілікті тұрғыннан Toyota Camry автокөлігін 20 миллион теңгеге сатып беремін деген сылтаумен алған. Кейін құжаттарды қолдан жасап, көлікті белгісіз тұлғаға сатып жіберіп, жәбірленушіге материалдық шығын келтірген",- дейді полицияда.
Қазақстан ішкі істер министрлігі екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл жауапкершіліктен жалтарып жүрген адамдарды тез анықтап, ұстауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін хабарлады.