Жыл басынан бері Қазақстан мен Ресей арасында 99 мың жолаушы пойызбен қатынады

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Новые вагоны по маршруту Астана - Омск
Новые вагоны по маршруту Астана - Омск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2026
Жазылу
Бүгінде екі ел арасында ірі қалаларды байланыстыратын 8 халықаралық жолаушылар бағыты қатынайды
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол бағыттарымен 99 мыңнан астам жолаушы сапарға шықты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыттағы жалпы жолаушылар ағыны шамамен 300 мың адамға жеткен, деп хабарлады "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.
Бүгінде екі ел арасында ірі қалаларды байланыстыратын 8 халықаралық жолаушылар бағыты қатынайды.
Қолданыстағы бағыттар:
1.
№7/8 "Алматы-2 — Саратов" — күн ара
2.
№83/84 "Қарағанды — Мәскеу" — аптасына 2 рет
3.
№113/114 "Алматы-2 — Қазан" — аптасына 1 рет
4.
№145/146 "Нұрлы жол — Омбы" — аптасына 3 рет
5.
№301/302 "Алматы-2 — Новосібір" — күн ара
6.
№325/326 "Атырау — Астрахань" — күн ара
7.
"Алматы — Мәскеу" қатынасындағы тіркемелі вагондар — күн ара
8.
№407/408 "Локоть — Риддер" — Ресей тарапынан қалыптастырылатын пойыз белгілі күндер бойынша қатынайды.
Жолаушылар арасында Астана — Омбы, Алматы — Новосібір, Алматы — Қазан және Қарағанды — Мәскеу бағыттарына сұраныс жоғары.
Бірқатар халықаралық бағытта отандық RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа вагондар пайдалануға берілді. Бұл жолаушыларға жайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және алыс бағыттардағы сапарды қолайлы етуге мүмкіндік берді.
Жаңа жолаушылар вагондары кондиционер жүйелерімен, биодәретханалармен, заманауи жатын орындармен, USB қосқыштарымен, жақсартылған дыбыс оқшаулау жүйесімен, бейнебақылау камераларымен, сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған купелермен жабдықталған.
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасына ҚТЖ арнайы пойыз жасақтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Күзге дейін барлық жолаушылар вагоны интернетке қосылады
Жаңалықтар
0