Ресей ЖИ мен цифрландыруды дамытуға қажетті барлық ресурсқа ие – Путин

© POOL / Медиабанкке өтуV Евразийский экономический форум в Астане
V Евразийский экономический форум в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
Ресей – жасанды интеллект саласында егемен платформалар жасап жатқан санаулы елдердің бірі, деп атап өтті ол
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ресей жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландыруды дамытуға арналған міндеттерді шешу үшін қажетті кадрлар мен ресурсқа ие. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы Еуразия экономикалық форумы барысында мәлімдеді.
Ол Ресей ЖИ саласында егемен платформалар жасап жатқан санаулы елдердің бірі екенін ерекше атап өтті.
"Ресейдің академиялық ғылымы мұндай міндеттерді шешуге дайын, сондай-ақ жасанды интеллектіні дамыту үлкен көлемдегі энергия мен қаржыландыруды талап етеді – елде атом энергетикасы технологиялары дамыған және Ресей осы салаға қаржылық ресурстарды шоғырландыра алады", - деді Владимир Путин.
"Достарымызбен, серіктестерімізбен бірлесіп жұмыс істеудің маңызы зор. Күш біріктіру орасан зор нәтиже беріп, ортақ тиімділікке әкелуі мүмкін", - деп түйіндеді ол.
2026 жылғы Еуразиялық экономикалық форумның басты тақырыбы — жасанды интеллект.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
ЕАЭО цифрлық болашаққа бет түзеді – Астанада маңызды құжат қабылданады
Жаңалықтар
0