https://sputnik.kz/20260528/eaeo-tsifrlyq-bolashaqqa-bet-tuzedi--astanada-manyzdy-quzhat-qabyldanady-63783067.html
ЕАЭО цифрлық болашаққа бет түзеді – Астанада маңызды құжат қабылданады
ЕАЭО цифрлық болашаққа бет түзеді – Астанада маңызды құжат қабылданады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданғанын айтты 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T20:21+0500
2026-05-28T20:21+0500
2026-05-28T20:22+0500
еаэо
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_d6361e0c4e0d3ed48406c2c1ae0fbc8c.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында қабылданатын құжаттың маңыздылығы жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Пленарлық отырыстың басында Тоқаев қатысушыларға Қазақстанның цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласында атқарып жатқан шаралары жайында айтып берді. Ол технологияларды ЕАЭО аймағында енгізудің қажеттілігіне де тоқталды. Осыған байланысты бүгінгі отырыста тағы бір маңызды құжат қабылданады.Айта кетері, Астанадағы V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Арменияның вице-премьері Мгер Григорян қатысып отыр. Сондай-ақ жиынға Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг және Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр келді.
https://sputnik.kz/20260528/resey-tikeley-aralaspasa-birde-bir-iri-khalyqaralyq-masele-sheshimin-tappaydy--toqaev-63775738.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_253e9ce90d606ae436bba6c30a15cc3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, қасым-жомарт тоқаев
еаэо, қасым-жомарт тоқаев
ЕАЭО цифрлық болашаққа бет түзеді – Астанада маңызды құжат қабылданады
20:21 28.05.2026 (жаңартылды: 20:22 28.05.2026) Тоқаев ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданғанын айтты
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында қабылданатын құжаттың маңыздылығы жайында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Пленарлық отырыстың басында Тоқаев қатысушыларға Қазақстанның цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласында атқарып жатқан шаралары жайында айтып берді. Ол технологияларды ЕАЭО аймағында енгізудің қажеттілігіне де тоқталды. Осыған байланысты бүгінгі отырыста тағы бір маңызды құжат қабылданады.
"Бүгін біз жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдемені қабылдаймыз. Мен оған 2025 жылы желтоқсан айында бастамышылық жасағанмын. Құжаттың басты мақсаты – одаққа қатысушы мемлекеттердің экономиканың негізгі салаларын цифрландыру бойынша ортақ қағидаттарын белгілеу, барлығының мүддесін ескере отырып, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз енгізуді қамтамасыз ету. Осы орайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына осы құжатты әзірлеуді және қабылдауды қолдағаны үшін алғысымды айтамын", - деді Тоқаев.
Айта кетері, Астанадағы V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Арменияның вице-премьері Мгер Григорян қатысып отыр. Сондай-ақ жиынға Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг және Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр келді.