https://sputnik.kz/20260528/integratsiya-ekonomikalyq-tensizdikti-retteuge-yqpal-etedi---baqytzhan-sagyntaev-63754210.html
Интеграция экономикалық теңсіздікті реттеуге ықпал етеді - Бақытжан Сағынтаев
Интеграция экономикалық теңсіздікті реттеуге ықпал етеді - Бақытжан Сағынтаев
Sputnik Қазақстан
ЕЭК алқасының төрағасы интеграциялық бірлестіктер алдында цифрландыру, логистика және ынтымақтастықты дамыту секілді ұқсас міндеттер тұрғанын айтты 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T10:32+0500
2026-05-28T10:32+0500
2026-05-28T10:33+0500
экономика
форум
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1c/63753267_0:30:1473:859_1920x0_80_0_0_bcc00f65b9316a57c659c959670e829e.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Интеграция жаһандық экономикалық трансформация жағдайында тұрақтылықтың негізгі факторына айналып отыр, деді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.ЕЭФ аясындағы "Кедергісіз интеграция: экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірлестіктер диалогы" сессиясында ол әлемдік экономикадағы үлкен өзгерістерді және интеграциялық бірлестіктер рөлінің артуына тоқталды.Ол сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия ТМД, ШЫҰ, АСЕАН және АӨСШК-дан бастап БҰҰ мен Латын Америкасы мен Африкадағы қауымдастықтарға дейінгі серіктес ұйымдардың кең ауқымымен жүйелі диалог орнатқанын мәлімдеді.Сессияда форумның негізгі тақырыбына - Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесіне баса назар аударылды."ЕАЭО мемлекет басшыларына жолдаған сөзінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің дамуын экономикалық интеграцияны тереңдетудің жаңа құралдарының бірі ретінде белгіледі. Форумдағы мемлекет басшыларының жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдемесі цифрлық трансформация мен технологиялық кооперация саласындағы ынтымақтастығымызға одан әрі серпін береді деп үміттенеміз", - деді ол.Бақытжан Сағынтаев интеграциялық бірлестіктер алдында цифрландыру, логистика және ынтымақтастықты дамыту секілді ұқсас міндеттер тұрғанын айтты.ЕЭК алқасының басшысы интеграция экономикалық теңісздікті реттеуге көмектесетінін, сыртқы өзгерістерге төзімділікті арттыратынын және реттеуді үйлестіру, кооперацияны дамыту және бизнес пен азаматтар үшін болжамды орта құру арқылы ұзақ мерзімді дамуға жағдай жасайтынын айтты.
https://sputnik.kz/20260528/qazaqstan-eaeo-ayasynda-ortaq-munay-zhane-gaz-narygyn-quruga-dayyn---energetika-ministrligi-63753816.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1c/63753267_156:16:1288:865_1920x0_80_0_0_5a911893e6fb97a1d05318ab0d68e0f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, форум, еаэо
Интеграция экономикалық теңсіздікті реттеуге ықпал етеді - Бақытжан Сағынтаев
10:32 28.05.2026 (жаңартылды: 10:33 28.05.2026) ЕЭК алқасының төрағасы интеграциялық бірлестіктер алдында цифрландыру, логистика және ынтымақтастықты дамыту секілді ұқсас міндеттер тұрғанын айтты
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Интеграция жаһандық экономикалық трансформация жағдайында тұрақтылықтың негізгі факторына айналып отыр, деді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭФ аясындағы "Кедергісіз интеграция: экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірлестіктер диалогы" сессиясында ол әлемдік экономикадағы үлкен өзгерістерді және интеграциялық бірлестіктер рөлінің артуына тоқталды.
"Еуразиялық экономикалық одақ барлық мүдделі халықаралық және аймақтық бірлестікпен практикалық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын. Біз үшін бұл - стратегиялық басымдықтарымыздың бірі", - деді Сағынтаев.
Ол сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия ТМД, ШЫҰ, АСЕАН және АӨСШК-дан бастап БҰҰ мен Латын Америкасы мен Африкадағы қауымдастықтарға дейінгі серіктес ұйымдардың кең ауқымымен жүйелі диалог орнатқанын мәлімдеді.
Сессияда форумның негізгі тақырыбына - Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесіне баса назар аударылды.
"ЕАЭО мемлекет басшыларына жолдаған сөзінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің дамуын экономикалық интеграцияны тереңдетудің жаңа құралдарының бірі ретінде белгіледі. Форумдағы мемлекет басшыларының жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдемесі цифрлық трансформация мен технологиялық кооперация саласындағы ынтымақтастығымызға одан әрі серпін береді деп үміттенеміз", - деді ол.
Бақытжан Сағынтаев интеграциялық бірлестіктер алдында цифрландыру, логистика және ынтымақтастықты дамыту секілді ұқсас міндеттер тұрғанын айтты.
"Барлық интеграциялық бірлестік алдында негізінен ұқсас міндеттер тұр", - деді Сағынтаев.
ЕЭК алқасының басшысы интеграция экономикалық теңісздікті реттеуге көмектесетінін, сыртқы өзгерістерге төзімділікті арттыратынын және реттеуді үйлестіру, кооперацияны дамыту және бизнес пен азаматтар үшін болжамды орта құру арқылы ұзақ мерзімді дамуға жағдай жасайтынын айтты.