https://sputnik.kz/20260528/qazaqstan-eaeo-ayasynda-ortaq-munay-zhane-gaz-narygyn-quruga-dayyn---energetika-ministrligi-63753816.html
Қазақстан ЕАЭО аясында ортақ мұнай және газ нарығын құруға дайын - энергетика министрлігі
Қазақстан ЕАЭО аясында ортақ мұнай және газ нарығын құруға дайын - энергетика министрлігі
Sputnik Қазақстан
Бұл тәсіл Одақтың мүдделері мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескеретін ортақ газ нарығын дамытуға мүмкіндік беретінін 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T10:12+0500
2026-05-28T10:12+0500
2026-05-28T10:19+0500
мұнай
газ
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/07/12/55734611_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_dc902f9b83444f88bb49ef0227f29e6f.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астанада Еуразиялық экономикалық форум басталды.Форум аясында елордада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтіп жатыр. "Еуразиялық энергетикалық интеграция: қозғалыс векторы" атты ЕЭФ сессиясында Одақ елдерінің ортақ энергетикалық болашағы талқыланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымын білдірді.Сондай-ақ ол бұл тәсіл Одақтың мүдделері мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескеретін ортақ газ нарығын дамытуға мүмкіндік беретінін айтты."Ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарына қатысты Қазақстан әрі қарайғы диалогқа және өзара қолайлы шешімдерді іздеуге дайын екенін растайды. Қазақстан өзара тиімділік қағидаттарын сақтай отырып, Одаққа мүше мемлекеттер нарықтарына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етуге дайын", - деді Ақкенженов.Жалпы энергетика министрлігі бұрын мәлімдегендей, Қазақстан Еуразиядағы негізгі энергетикалық және логистикалық хаб ретіндегі өз орнын сенімді түрде нығайтып келеді. Бұл үдерісте Ресей Федерациясымен газ саласындағы ынтымақтастық екі мемлекет арасындағы стратегиялық макроэкономикалық әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
https://sputnik.kz/20260521/eaeo-men-ozbekstan-arasyndagy-syrtqy-sauda-aynalymy-18-mlrd-dollardan-asty-63594638.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/12/55734611_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0e4e3389f99e035d5625b4a87e97d5fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, газ, еаэо
Қазақстан ЕАЭО аясында ортақ мұнай және газ нарығын құруға дайын - энергетика министрлігі
10:12 28.05.2026 (жаңартылды: 10:19 28.05.2026) Бұл тәсіл Одақтың мүдделері мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескеретін ортақ газ нарығын дамытуға мүмкіндік беретінін
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астанада Еуразиялық экономикалық форум басталды.
Форум аясында елордада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтіп жатыр. "Еуразиялық энергетикалық интеграция: қозғалыс векторы" атты ЕЭФ сессиясында Одақ елдерінің ортақ энергетикалық болашағы талқыланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымын білдірді.
"ЕАЭО ортақ электр энергиясы нарығына қатысты Қазақстан өзара тиімділік қағидаттарына және генерациялау және тасымалдау қуаттарын тиімді пайдалануға негізделген ортақ нарық құруды, сондай-ақ энергия экспорты мен импортының әлеуетін дамытуды қолдайды. Ортақ газ нарығына қатысты Қазақстан ішкі газ балансын, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аймақтарын газдандыру мақсаттарын және ұлттық реттеудің ерекшеліктерін ескере отырып, сындарлы және кезең-кезеңмен жұмыс істеуді қолдайды", - деді министр.
Сондай-ақ ол бұл тәсіл Одақтың мүдделері мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескеретін ортақ газ нарығын дамытуға мүмкіндік беретінін айтты.
"Ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарына қатысты Қазақстан әрі қарайғы диалогқа және өзара қолайлы шешімдерді іздеуге дайын екенін растайды. Қазақстан өзара тиімділік қағидаттарын сақтай отырып, Одаққа мүше мемлекеттер нарықтарына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етуге дайын", - деді Ақкенженов.
Жалпы энергетика министрлігі бұрын мәлімдегендей, Қазақстан Еуразиядағы негізгі энергетикалық және логистикалық хаб ретіндегі өз орнын сенімді түрде нығайтып келеді. Бұл үдерісте Ресей Федерациясымен газ саласындағы ынтымақтастық екі мемлекет арасындағы стратегиялық макроэкономикалық әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.