Төрт амур жолбарысы Алматыға ұшақпен жеткізілді

© Photo : Пресс-служба "Аэрофлота"Четырёх амурских тигров из Хабаровска доставили самолетом в Алматы
Четырёх амурских тигров из Хабаровска доставили самолетом в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2026
Жазылу
Қазақстан аумағында амур жолбарысын жерсіндіру жөніндегі ауқымды Қазақстан-Ресей бағдарламасын екі елдің табиғатты қорғау мекемелері жүзеге асырып жатыр
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Төрт амур жолбарысы Ресейдің Хабаровск өлкесінен Алматыға ұшақпен жеткізілді. Бұл туралы "Аэрофлот" әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
© Photo : Пресс-служба "Аэрофлота"Төрт амур жолбарысы Ресейдің Хабаровск өлкесінен Алматыға ұшақпен жеткізілді
Четырёх амурских тигров из Хабаровска доставили самолетом в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2026
Төрт амур жолбарысы Ресейдің Хабаровск өлкесінен Алматыға ұшақпен жеткізілді
"Үш жастағы бір аталық және бір аналық, сондай-ақ бір жасқа дейінгі екі жолбарыс жеткізілді", – делінген хабарламада.
Хабаровск өлкесінде оларды мамандар бақылаған, ал тасымалдау кезінде "Амур жолбарысы" орталығының және Мәскеу зообағының қызметкерлері бірге еріп жүрген.
© Photo : Пресс-служба "Аэрофлота"Төрт амур жолбарысы Ресейдің Хабаровск өлкесінен Алматыға ұшақпен жеткізілді
Четырёх амурских тигров из Хабаровска доставили самолетом в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2026
Төрт амур жолбарысы Ресейдің Хабаровск өлкесінен Алматыға ұшақпен жеткізілді
"Аэрофлот" бас директоры Сергей Александровскийдің айтуынша, компания бұл жануарларды халықаралық жобаға үлес ретінде тегін тасымалдаған.
Ерлан Нысанбаев и Александр Козлов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді: бірлескен жоспарға қол қойылды
Жаңалықтар
0