https://sputnik.kz/20251112/resey-qazaqstanga-tort-amur-zholbarysyn-beredi-birlesken-zhosparga-qol-qoyyldy-58728706.html
Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді: бірлескен жоспарға қол қойылды
Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді: бірлескен жоспарға қол қойылды
Sputnik Қазақстан
Жануарлар "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі 12.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-12T23:31+0500
2025-11-12T23:31+0500
2025-11-12T23:30+0500
қазақстан
ресей
жолбарыс
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0c/58725391_0:0:1081:608_1920x0_80_0_0_a505e7be42a4c4925ec263b7f51f13bd.jpg
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.Құжат аймақта баламасы жоқ - Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді.Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.Жолбарысты Қазақстанға қайта енгізу идеясының ғылыми және тарихи негізі бар. 2009 жылы халықаралық биологтар тобы (Driscoll және басқалар, 2009) жүргізген генетикалық зерттеулер нәтижесінде жойылып кеткен тұран жолбарысы мен қазіргі амур жолбарысының ДНҚ ұқсастығы дәлелденді. Бұл жаңалық жоғалған популяцияны қалпына келтіру жұмыстарына бастау болуға мүмкіндік берді.2018 жылы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, онда қазіргі таңда Қазақстанға алғаш Нидерландыдан әкелінген амур жолбарыстары мекендейді.Бағдарламаның табысты іске асырылуы Қазақстанды жолбарыс жойылып кеткен өңірге оны қайта енгізе алған алғашқы елдердің біріне айналдырады.
https://sputnik.kz/20250926/almaty-zoobagynda-amur-zholbarysynyn-kushikteri-duniege-keldi-57393668.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0c/58725391_59:0:1019:720_1920x0_80_0_0_007ae131b2521c0c5579267894b8c187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, жолбарыс
қазақстан, ресей, жолбарыс
Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын береді: бірлескен жоспарға қол қойылды
Жануарлар "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Құжат аймақта баламасы жоқ - Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді.
Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.
"Жоспар аясында Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын - екі аталық және екі аналық дараны өтеусіз береді. Жануарлар "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Жолбарысты Қазақстанға қайта енгізу идеясының ғылыми және тарихи негізі бар. 2009 жылы халықаралық биологтар тобы (Driscoll және басқалар, 2009) жүргізген генетикалық зерттеулер нәтижесінде жойылып кеткен тұран жолбарысы мен қазіргі амур жолбарысының ДНҚ ұқсастығы дәлелденді. Бұл жаңалық жоғалған популяцияны қалпына келтіру жұмыстарына бастау болуға мүмкіндік берді.
"Ресей тарапы ветеринариялық дайындық пен тасымалдауды қамтамасыз етсе, Қазақстан тарапы қарсы алу, орналастыру және мониторинг жүргізу жұмыстарын атқарады. Жоба WWF және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады", - деп атап өтті министрлік.
2018 жылы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, онда қазіргі таңда Қазақстанға алғаш Нидерландыдан әкелінген амур жолбарыстары мекендейді.
Бағдарламаның табысты іске асырылуы Қазақстанды жолбарыс жойылып кеткен өңірге оны қайта енгізе алған алғашқы елдердің біріне айналдырады.