Алматы зообағында Амур жолбарысының күшіктері дүниеге келді

Алматы зообағында амур жолбарысының күшіктері дүниеге келді
Алматы зообағында амур жолбарысының күшіктері дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Амур жолбарысы – жалғыз жүретін жыртқыш
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматы зообағында Амур жолбарыстары Бентли мен Айкидің жұбынан екі еркек күшік туды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Бұл – соңғы жылдардағы алғашқы төл және Қызыл кітапқа енгізілген сирек түрді сақтау жолындағы маңызды қадам, дейді әкімдіктегілер.
Амур жолбарысы – жалғыз жүретін жыртқыш. Сондықтан жұп құруы мен төлдеуі ерекше күтімді қажет етеді. Зообақ мамандары серігін мұқият таңдап, вольерді дайындап, жануарларға барынша қауіпсіз жағдай жасады.
"Жолбарыс күшіктері 14 маусымда дүниеге келіп, алғашқы айларын тыныш аймақта өткізді. Онда дыбыс пен көзге түсетін әсерлер азайтылған. Бұл аналықтың күйзелісін төмендетіп, төлдердің дұрыс жетілуіне ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Алдағы демалыс күндері анасы күшіктерімен бірге ашық вольерге көшіріліп, келушілер зообақтың жаңа тұрғындарын тамашалай алады.
Амурский тигр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2024
Ресей Амур жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын
Жаңалықтар
0