https://sputnik.kz/20260527/toqaevty-qurban-ayt-merekesimen-qay-elderdin-prezidenti-quttyqtady-63737391.html
Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен қай елдердің президенті құттықтады
Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен қай елдердің президенті құттықтады
Sputnik Қазақстан
Президенттер Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған 27.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-27T16:25+0500
2026-05-27T16:25+0500
2026-05-27T16:25+0500
құрбан айт
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886307_0:132:1280:852_1920x0_80_0_0_9b0c7e0e72af09f3b03f1a08732f9541.jpg
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорда. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Құрбан айт тарихы мен тілі, діні мен дәстүрі ортақ халықтар арасындағы бауырластықты одан әрі нығайта түсетінін атап өткен."Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы беки түсетініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған."Бұл қастерлі мейрам тарихтан тамыр тартатын достығымызды, бауырластығымызды, халықтарымыз арасындағы өзара құрметті арттыра беретініне сенімім мол", – деп жазылған құттықтауда.Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон аталған мерекенің елдер арасында достықты, тиімді ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтудағы маңызына тоқталған."Қастерлі мейрам ғасырлар бойы халықтарымызды ізгілікке, жомарттыққа, әділдікке, өзгеге көмек қолын созуға үндеп келеді", – деп жазылған Тәжікстан президентінің құттықтауында.Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов сенім мен жанашырлық салтанат құратын қастерлі мереке күллі мұсылман үмбетін біріктіретінін жазған."Ортақ рухани құндылықтарға деген ұмтылыс халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете беретініне күмәнім жоқ", – делінген жеделхатта.Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Алжир президенті Әбделмәжид Теббун, Ауғанстан премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахунд, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және тағы басқалар жолдады.
https://sputnik.kz/20260527/toqaev-qazaqstandyqtardy-qurban-ayt-merekesimen-quttyqtady-63730396.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886307_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_869700626e3f47035517688451254f51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрбан айт, қасым-жомарт тоқаев
құрбан айт, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен қай елдердің президенті құттықтады
Президенттер Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған
АСТАНА, 27 мамыр - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорда.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Құрбан айт тарихы мен тілі, діні мен дәстүрі ортақ халықтар арасындағы бауырластықты одан әрі нығайта түсетінін атап өткен.
"Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы беки түсетініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған.
"Бұл қастерлі мейрам тарихтан тамыр тартатын достығымызды, бауырластығымызды, халықтарымыз арасындағы өзара құрметті арттыра беретініне сенімім мол", – деп жазылған құттықтауда.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон аталған мерекенің елдер арасында достықты, тиімді ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтудағы маңызына тоқталған.
"Қастерлі мейрам ғасырлар бойы халықтарымызды ізгілікке, жомарттыққа, әділдікке, өзгеге көмек қолын созуға үндеп келеді", – деп жазылған Тәжікстан президентінің құттықтауында.
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов сенім мен жанашырлық салтанат құратын қастерлі мереке күллі мұсылман үмбетін біріктіретінін жазған.
"Ортақ рухани құндылықтарға деген ұмтылыс халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете беретініне күмәнім жоқ", – делінген жеделхатта.
Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Алжир президенті Әбделмәжид Теббун, Ауғанстан премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахунд, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және тағы басқалар жолдады.