https://sputnik.kz/20260527/toqaev-qazaqstandyqtardy-qurban-ayt-merekesimen-quttyqtady-63730396.html
Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына... 27.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-27T09:05+0500
2026-05-27T09:05+0500
2026-05-27T09:07+0500
президент
құрбан айт
айт намазы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1b/63726587_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_45ad7f35165550eaae82ed89c3a57464.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтатынын айтты. Сондықтан осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.Мемлекет басшысы бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ екенін, Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі екенін айтты. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады."Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты. Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт қабыл болсын!", - деді президент.
https://sputnik.kz/20260524/qurban-ayt---2026-qurbandyq-shalu-turaly-ne-bilu-kerek-63668662.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1b/63726587_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_2ce45d30cac31ce92f59d8cdca085d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, құрбан айт, айт намазы
президент, құрбан айт, айт намазы
Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
09:05 27.05.2026 (жаңартылды: 09:07 27.05.2026) Біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр, деді президент
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтатынын айтты. Сондықтан осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.
"Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең. Түптеп келгенде, біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ екенін, Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі екенін айтты. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады.
"Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты. Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт қабыл болсын!", - деді президент.