Видео

Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді 

Жазылу
Бұл — Ресей басшысының бір президенттік мерзім ішінде Қазақстанға жасаған екінші мемлекеттік сапары
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорда.
Ресей басшысы Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске және Еуразиялық экономикалық форумға қатысады.
Владимир Путиннің Астанаға бұған дейінгі мемлекеттік сапары 2024 жылы болған.
Ал 2025 жылы Қазақстан мен Ресей көшбасшылары мемлекетаралық қатынастарды жан-жақты стратегиялық әріптестік және одақтастық деңгейіне көшіру туралы декларацияға қол қойды.
Владимир Путинді Қазақстанда қалай қарсы алғанын видеодан көруге болады.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Астана көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Жаңалықтар
0