Астана көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар кезінде арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары тартылмақ
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Президентке бағынатын мемлекеттік күзет қызметі Астана көшелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы күндері Ресей Федерациясы президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Одан кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өтеді.
"Осы шараларға дайындық және оларды өткізу аясында 2026 жылғы 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Осы іс-шаралар кезінде арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары, сондай-ақ әскери техника мен авиация тартылмақ.
"Сонымен қатар, аталған күндері Астана аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар кезінде енгізілетін қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді күзет қызметкерлері.
Ресей президенті Владимир Путин 27-29 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен келеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Путин 27 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
Жаңалықтар
0