Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссар Еуроодақты Украина үшін өз қару-жарақ қорларын ашуға шақырды

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDЕуроодақ
Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2026
Жазылу
Ол еуропалық елдерді тез және кең көлемде өндіруге болатын арзан жүйелерге көшуге шақырды
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қорғаныс және ғарыш жөніндегі еуропалық комиссар Андрюс Кубилюс Еуропалық Одақтың Киев үшін қару-жарақ қорларын ашып, өндірісін тез арада кеңейту мүмкін емес қымбат жабдықтарды өндіруді тоқтатуын құптайды, деп хабарлады РИА Новости.
"Үкіметтер Украинаны қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін қорларын ашуы керек", - деді Кубилюс Financial Times басылымына берген сұхбатында.
Қорғаныс жөніндегі еуропалық комиссар Еуропаның зымыран өндірісінде Ресейден артта қалып отырғанын айтып, себебі еуропалық компаниялар өндіріс көлемін кеңейту қиын күрделі және қымбат қарулар шығарып жатқанын жеткізді.
"Еуропалықтар "от-кутюр" деп аталатын өнімдерді шығарып жатыр. Технологиялық тұрғыдан өте күрделі, тез арада өндірісін ұлғайту мүмкін емес өте қымбат өнімдер", - деді саясаткер.
Ол еуропалық елдерді тез және кең көлемде өндіруге болатын арзан жүйелерге көшуге шақырды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
АҚШ, Украина, Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина 2027 жылға дейін Еуроодаққа мүшесі бола алмайды - еурокомиссар
Жаңалықтар
0