Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина 2027 жылға дейін Еуроодаққа мүшесі бола алмайды - еурокомиссар

© Sputnik / Рамиль СитдиковАҚШ, Украина, Еуроодақ
АҚШ, Украина, Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Жазылу
Бұл сценарийге Германия мен Венгрия қазірден қарсы болды
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Украина қазіргі күрделі қосылу механизмі бойынша 2027 жылға дейін Еуроодақ мүшесі бола алмайды, деп мәлімдеді кеңейту жөніндегі еурокомиссар Марта Кос.
"Бұл ел қазіргі процедура бойынша 2027 жылға дейін Еуроодаққа кіре алмайды", - деді ол Bloomberg агенттігіне.
Оның орнына Еуроодақ Украинаға мүшелік құқығын біртіндеп беру сценарийін дайындап жатыр. Бұл сценарийге Германия мен Венгрия қазірден қарсы болды. Дегенмен Еуроодақта бұл сценарий тек Украинаға ғана қатысты ма, әлде он жылдан астам уақыт бойы өз кезегін күтіп отырған басқа кандидат елдерге де қолданылады ма, оны нақтылай алмайды.
Сонымен қатар, Еуропалық комиссия Украинаның Еуроодаққа мүшелігі үшін қажетті реформалардың қарқыны соңғы айларда тоқтап қалғанын, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заң үстемдігі, БАҚ бостандығы және демократиялық институттар "сөзсіз талап етілетін критерийлерге сәйкес келуі керек" екенін мойындайды.
"Соңғы айларда қарқын баяулады, бірнеше заң жобасы парламентте тұралап қалды", - деп хабарлайды басылым.
Петер Сийярто - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Сийярто Сербиядан бұрын Украинаны Еуроодаққа қабылдау әрекетін айыптады
Жаңалықтар
0