"LRT толық жұмыс істеп тұр": Тоқаев Астана әкімінің қызметін бағалады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял акима Астаны Жениса Касымбека
Касым-Жомарт Токаев принял акима Астаны Жениса Касымбека - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жобаның екінші кезеңі пысықталуда
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берді, деп хабарлады Ақорда.
Әкімнің айтуынша Астанада барлық басты экономикалық көрсеткіш бойынша оң қарқын байқалады. Биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар.
"Бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр. Елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жобаның екінші кезеңі пысықталуда", - деді Қасымбек.
Қала әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын көркейту жөнінде айтты. Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр. 2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сондай-ақ қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы баяндалды.
"2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген", - деп толықтырды әкім.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалап, елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты
Жаңалықтар
0