Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

© Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты
Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін жүрді
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.
Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты.
Президентке 001 сериялы карта берілді. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін жүрді.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған.
Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді (4 құрам резервте).
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Басқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есікті ашу үдерістері, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер толығымен автоматтандырылған. Қосымша бақылау үшін қолмен басқару және диспетчермен байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.
LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.
Ақорданың хабарлауынша, қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Атап айтқанда, "Астана-1" вокзалы, "Жағалау" шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.
Мемлекет басшысы LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.
Астанадағы LRT жол жүру картасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады - CTS компаниясы
Жаңалықтар
0