Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады - CTS компаниясы

© Sputnik/ Ануар МаратовАстанадағы LRT жол жүру картасы
Астанадағы LRT жол жүру картасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
Бір реттік жол жүру құны 200 теңге, ал LRT көлік картасының құны 1000 теңге
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады, деп мәлімдеді "City Transportation Systems" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
Бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Жалпы LRT желісінің ұзындығы 22,4 км, барлығы 18 станция болады. Оның 11-і жер асты және 7-і жер үсті станция.
"Барлық станция қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарын ескере отырып іске асты. Станцияларда билеттерді сатып алу орындары, автоматтандырылған жүйелер, сауда алаңдары бар күту залдары, санитарлық-гигиеналық тораптар, сондай-ақ адамдардың қауіпті учаскелерге шығуына жол бермейтін жүйелер бар. Станцияға көтерілу үшін эскалаторлар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифтілер қарастырылған", - дейді CTS-те.
© Sputnik/ Ануар МаратовLRT басқарылатын бірыңғай диспетчерлік орталық
Центр управления беспилотными поездами/Единый диспетчерский центр LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
LRT басқарылатын бірыңғай диспетчерлік орталық
Бір реттік жол жүру құны 200 теңге, ал LRT көлік картасының құны 1000 теңге.
Төлем жасаудың бірнеше жолы бар:
Visa / MasterCard банк карталары бойынша төлем;
NFC-Apple смартфоны немесе смарт сағаты арқылы төлеу / Samsung Pay;
QR-код бойынша - HalykBank / KaspiBank банктік қосымшалары арқылы төлеу;
бір реттік билет бойынша - билетті LRT кассасынан немесе tvm автоматынан сатып алу.
Сондай-ақ мектеп/жеңілдік картасымен төлеген кезде жол жүру құны тегін болады.
Шуды азайту үшін вагондардың қабырғалары қалың етіп дайындалды. Бұл қазақстандық тараптың талабы болды, дейді Асылбек Дүйсебаев.

"Олар пилотсыз басқарылады, яғни LRT ішінде адамдар болмайды. Басқару толығымен біздің бірыңғай диспетчерлік орталықтан болады. Бірақ пойыздың ішінде біздің операторлар болады, төтенше жағдай туындаған жағдайда олар пойыздарды қолмен басқарады және барлық жолаушыға кеңес береді", - деп түсіндірді Дүйсебаев.

Пилотсыз көлікті бірыңғай диспетчерлік орталық басқарады. Орталық, депо және жөндеу шеберханасы орналасқан аумақ 400 гектарды алып жатыр.
© Sputnik/ Ануар МаратовLRT-да жол жүру картасын алу аппараты
Автомат для покупки проездного на LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
LRT-да жол жүру картасын алу аппараты
Дүйсебаевтың айтуынша, пойыздар желіге өздері шығып, депоға оралады.
"Деподағы барлық 19 құрам таңертең автоматты түрде кесте бойынша желіге шығады, сондай-ақ түнде бағдарлама бойынша адамның басқаруынсыз гаражға кіреді. Онда автоматты жуу бар, сол арқылы жуылып тазартылады", - деді Дүйсебаев.
Дүйсебаев LRT және автобустар үшін бірыңғай жол жүру картасын енгізу уақытты қажет ететінін айтты.
CTS хабарлауынша, LRT осы аптадағы демалыста, яғни, 16-17 мамырда жұмыс істеп бастайды.
LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды
Жаңалықтар
0