LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды

© Photo : CTS компаниясыLRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды
LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Астанада LRT-ның екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды, деп хабарлады CTS компаниясының баспасөз қызметі.
"LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына қарай іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары орындалды", - деп жазды компания.
Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.
Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.
Строительство LRT в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Ертең LRT картасын рәсімдеу басталады
Жаңалықтар
0