Ереже бұзған 178 талапкер ҰБТ-дан шеттетілді

© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РКCмарт-көзілдіріктер мен микроқұлаққаптар: 178 талапкер ҰБТ-дан шеттетілді
Cмарт-көзілдіріктер мен микроқұлаққаптар: 178 талапкер ҰБТ-дан шеттетілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
75 оқушы тестілеу кезінде ереже бұзған
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеуге келген жүздеген талапкер тыйым салынған заттар мен шпаргалка қолданғаны үшін тест тапсырудан шеттетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ғылым және жоғары білім министрлігі екінші аптаның қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, 178 ереже бұзушылық анықталды.

"103 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 75 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ", - делінген ресми хабарламада.

10 мамырда басталған ҰБТ-ны 10 шілдеге дейін тағы бір рет тапсыруға болады. Бұған дейін тыйым салынған заттар мен шпаргалка үшін шеттетілген талапкерлерге де тағы бір мүмкіндік беріледі. Дегенмен, ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі.

"Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі жойылады", - дейді министрлік мамандары.

ЕНТ в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2026
ҰБТ сұрақтары сатылып жатыр ма - Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді
Жаңалықтар
0