https://sputnik.kz/20260516/ubt-suraqtary-satylyp-zhatyr-ma-ulttyq-testileu-ortalygy-zhauap-berdi-63472548.html
ҰБТ сұрақтары "сатылып жатыр" ма: Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді
ҰБТ сұрақтары "сатылып жатыр" ма: Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді
Sputnik Қазақстан
Орталық азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырды 16.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-16T16:38+0500
2026-05-16T16:38+0500
2026-05-16T16:38+0500
ұбт
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_af99f3f2ffacdf62174e7fd90e8e7376.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы түлектерді "ҰБТ-дан өтуге көмектесуді" ұсынатын алаяқтардан сақ болуға шақырдыОрталық мамандарының айтуынша, әлеуметтік желілерде "ҰБТ-дан өткізіп береміз", "грант алып береміз"немесе "тест сұрақтарының жауабы бар"деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатыр.Орталық тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық факт анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданатынын ескертті."Тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі", - деп атап өтті орталықтағылар.Орталық түлектерді ҰБТ-ға тек өз біліміне сеніп дайындалуға шақырды.
https://sputnik.kz/20221022/qyzylorda-turgyny-ubt-dan-zhogary-ball-alamyn-dep-2-mln-tengesinen-ayyryldy-28684615.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_103:0:1063:720_1920x0_80_0_0_03c67556474dee3047997995c75617a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, алаяқтық
ҰБТ сұрақтары "сатылып жатыр" ма: Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді
Орталық азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырды
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы түлектерді "ҰБТ-дан өтуге көмектесуді" ұсынатын алаяқтардан сақ болуға шақырды
Орталық мамандарының айтуынша, әлеуметтік желілерде "ҰБТ-дан өткізіп береміз", "грант алып береміз"немесе "тест сұрақтарының жауабы бар"деген мазмұндағы хабарламалар тарап жатыр.
"Мұндай ұсыныстардың барлығы – алаяқтық әрекеттер. Азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз. Сонымен қатар әр тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске саламыз. Осыған байланысты интернетте таралатын "слив" материалдары нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді деген пікір шындыққа жанаспайды", - делінген орталық хабарламасында.
Орталық тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық факт анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.
"Тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып табылады және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі", - деп атап өтті орталықтағылар.
Орталық түлектерді ҰБТ-ға тек өз біліміне сеніп дайындалуға шақырды.