https://sputnik.kz/20260525/aqtobede-100-mln-dollarga-mys-zauyty-salynady-63704474.html
Ақтөбеде 100 млн долларға мыс зауыты салынады
Ақтөбеде 100 млн долларға мыс зауыты салынады
Sputnik Қазақстан
Мыс өнімдері ЕАЭО және Еуроодақ елдеріне экспортталады 25.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-25T18:14+0500
2026-05-25T18:14+0500
2026-05-25T18:58+0500
зауыт
мыс кеніші
ақтөбе
еаэо
https://sputnik.kz/img/211/21/2112138_0:629:1365:1397_1920x0_80_0_0_f3226cf04ffae82decc0979528c789d2.jpg
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі."Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағының аумағында Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі жобасының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары ресми түрде басталды. Жоба құны – 100 млн доллар. Нәтижесінде 250 жұмыс орны ашылып, мыс өнімдері ЕАЭО және Еуроодақ елдеріне экспортталады.Ауқымды өнеркәсіптік жоба Ақтөбе облысы әкімдігі және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен, қытайлық Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы және "Phoenix Industrial Group" ЖШС серіктестігі аясында жүзеге асырылып жатыр.Мұнда жылына 25 000 тонна тазартылған мыс катанкасы өндіріледі. Зауыт өңірлерден жиналған мыс сынығын терең өңдейді. Нәтижесінде Ақтөбе мыс өнеркәсібінің өңірлік хабына айналады.
https://sputnik.kz/20260426/almatyda-qoqystan-elektr-quatyn-ondiretin-zauyt-salynady-62981393.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/211/21/2112138_0:572:1365:1596_1920x0_80_0_0_0a7af5f638b0aa3793144ece10f92c4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, мыс кеніші, ақтөбе, еаэо
зауыт, мыс кеніші, ақтөбе, еаэо
Ақтөбеде 100 млн долларға мыс зауыты салынады
18:14 25.05.2026 (жаңартылды: 18:58 25.05.2026) Мыс өнімдері ЕАЭО және Еуроодақ елдеріне экспортталады
АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағының аумағында Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі жобасының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары ресми түрде басталды. Жоба құны – 100 млн доллар. Нәтижесінде 250 жұмыс орны ашылып, мыс өнімдері ЕАЭО және Еуроодақ елдеріне экспортталады.
Ауқымды өнеркәсіптік жоба Ақтөбе облысы әкімдігі және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен, қытайлық Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы және "Phoenix Industrial Group" ЖШС серіктестігі аясында жүзеге асырылып жатыр.
Мұнда жылына 25 000 тонна тазартылған мыс катанкасы өндіріледі. Зауыт өңірлерден жиналған мыс сынығын терең өңдейді. Нәтижесінде Ақтөбе мыс өнеркәсібінің өңірлік хабына айналады.