https://sputnik.kz/20260426/almatyda-qoqystan-elektr-quatyn-ondiretin-zauyt-salynady-62981393.html
Алматыда қоқыстан электр қуатын өндіретін зауыт салынады
Алматыда қоқыстан электр қуатын өндіретін зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Жоба "жасыл" энергетиканы дамыту аясында жүзеге асырылады 26.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-26T11:34+0500
2026-04-26T11:34+0500
2026-04-26T11:34+0500
алматы
қоқыс
зауыт
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1a/62981228_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_334c004c7f2ebf4ee14df867f041647e.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматыда қалдық өңдеп, электр қуатын өндіретін зауыт салу жобасы құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындықтың соңғы кезеңіне жетті, деп хабарлады қала әкімдігі.Жоба Алатау ауданында қытайлық Junxin Environmental Protection компаниясының қатысуымен қолға алынған. Инвестиция көлемі 280 млн АҚШ долларынан асады (шамамен 130 млрд теңге).Қазіргі кезеңде дайындық жұмыстары аяқталды: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен инвестициялық келісім жасалып, қалдық жеткізу және өндірілетін электр қуатын энергожүйеге беру бойынша негізгі келісімдер бекітілді.Жоба халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін заманауи автоматтандырылған газтазарту жүйелерімен жабдықтауды көздейді.Аталған жобаны жүзеге асыру полигондарға түсетін жүктемені азайтып, қалдық көлемін қысқартуға және оларды қайта өңдеу арқылы қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.Еске сала кетейік, 2025 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Junxin Environmental Protection компаниясы арасында Алматы қаласында электр қуатын өндіретін қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылған болатын. Аталған компания "жасыл" энергетика және қалдық өңдеу саласындағы ірі операторлардың бірі саналады, 455 патентке ие және осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1a/62981228_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_5cff0593334a88871e3909f778d1549c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қоқыс, зауыт
Алматыда қоқыстан электр қуатын өндіретін зауыт салынады
Жоба "жасыл" энергетиканы дамыту аясында жүзеге асырылады
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматыда қалдық өңдеп, электр қуатын өндіретін зауыт салу жобасы құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындықтың соңғы кезеңіне жетті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Жоба Алатау ауданында қытайлық Junxin Environmental Protection компаниясының қатысуымен қолға алынған. Инвестиция көлемі 280 млн АҚШ долларынан асады (шамамен 130 млрд теңге).
"Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеуге жетеді, қаланың энергетикалық жүйесіне 60 МВт-қа дейін электр қуатын өндіреді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезеңде дайындық жұмыстары аяқталды: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен инвестициялық келісім жасалып, қалдық жеткізу және өндірілетін электр қуатын энергожүйеге беру бойынша негізгі келісімдер бекітілді.
Жоба халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін заманауи автоматтандырылған газтазарту жүйелерімен жабдықтауды көздейді.
"Құрылыс кезеңінде шамамен 700 жұмыс орны ашылады, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 120-ға жуық тұрақты жұмыс орны құрылмақ", - дейді мамандар.
Аталған жобаны жүзеге асыру полигондарға түсетін жүктемені азайтып, қалдық көлемін қысқартуға және оларды қайта өңдеу арқылы қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Junxin Environmental Protection компаниясы арасында Алматы қаласында электр қуатын өндіретін қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылған болатын. Аталған компания "жасыл" энергетика және қалдық өңдеу саласындағы ірі операторлардың бірі саналады, 455 патентке ие және осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар.