https://sputnik.kz/20260524/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-24-mamyr-63637376.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 мамыр
Sputnik Қазақстан
24 мамырда не болғанын білесіз бе? 24.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-24T00:01+0500
2026-05-24T00:01+0500
2026-05-24T00:01+0500
дерекқор
димаш құдайберген
илья ильин
https://sputnik.kz/img/1019/98/10199861_47:0:2452:1353_1920x0_80_0_0_568b32bdada2b7f02ba737e9447c8b05.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.24 мамырда қандай мереке аталып өтедіБүгін – Еуропалық саябақтар күні. Бұл мерекені тұңғыш рет 1999 жылы Еуропаның 36 елінде табиғи аумақтарды біріктірген еуропалық ұйым бекітті. Бұл күннің таңдалуы тегін емес. Өйткені 1909 жылдың 24 мамырында Швецияда алғашқы тоғыз ұлттық парк құрылды. Сол кезден бері қорғалатын барлық табиғат аумағы Еуропаның құнды табиғи мұрасына айналды. Мерекенің мақсаты - Еуропаның қорықтарына қоғамның қолдауын арттыру. Қазір бұл мейрам табиғи аумақтарды қорғау кезіндегі халықаралық ынтымақтастықты білдіреді. Бұл күні Еуропада бірқатар шара ұйымдастырылады. Көрмелер ашылып, фильмдер көрсетіліп, дәріс оқылады. Саябақтарға экскурсиялар өткізіледі.Сондай-ақ бүгін Дүниежүзілік видеоойын күні аталып өтеді. 24 мамыр күні үйде қолданылатын Magnavox Odyssey алғашқы ойын консолі таныстырылды. Теледидарға қосылу мүмкіндігі қарастырылған консолді 1972 жылы америкалық Ральф Баер шығарды.Бүгін Ресейде Кадр қызметкерінің күні. Өмірінде кем дегенде бір рет ресми қызметке орналасқан адам кадр бөлімі қызметкерінің жұмысымен таныс. Ол адамдар барша ұжым үшін жауапты. 1918 жылы Ресейде юстиция халық комиссариатының шешімі бойынша алғашқы кадрлық аппараттар пайда болған. Осылайша, азаматтарды жұмысқа қабылдап, олардың қызметінің заңнамаға сәйкес болуын қадағалайтын жаңа орган құрылды.24 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар1844 жылы Сэмюэл Морзе телеграфы арқылы Вашингтоннан Балтиморға әлемдегі алғаш телеграмма жіберілді;1956 жылы Швейцарияның Лугано қаласында тұңғыш "Евровидение" байқауы өтті;1969 жылы The Beatles тобының Get Back әні бес апта бойы америкалық әндер шеруінде бірінші болды;1995 жылы АҚШ-та Мел Гибсон басты рөл сомдаған "Батыл жүрек" шықты.24 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1933 жылы "Қазақтың көркем әдебиеті" баспасы құрылды. 1964 жылы баспа атауы "Жазушы" болып өзгерді.1995 жылы ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құру туралы жарлық жарияланды;1996 жылы Қазақстанның ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды;2006 жылы мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қытайлық шекара бекетіне жетті. Мұнай Шынжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. Бұл - Қазақстан-Қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуінің бастамасы болды.24 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар1905 жылы орыс жазушысы, әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолохов дүниеге келді;1940 жылы орыс ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Иосиф Бродский дүниеге келді;1941 жылы америкалық әнші, ақын, композитор, жазушы, 2016 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан дүниеге келді.24 мамырда Қазақстанда кім туды1921 жылы композитор, қазақ фортепианолық аспаптық музыкасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нағым Меңдіғалиев дүниеге келді. Оның "Домбыра туралы аңыз" атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының танымал туындысы;1988 жылы қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин дүниеге келді;1994 жылы танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дүниеге келді. Витебсктегі "Славян базары 2015" байқауының гран-при иегері, ABU TV song халықаралық фестивалінің қатысушысы, "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты, "Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін" ҚР президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. Мәдениет саласының үздігі.
https://sputnik.kz/20251010/dimash-qudaybergennin-mekhikodagy-tungysh-kontserti-anshlagpen-otti----57768637.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1019/98/10199861_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_d801af357ac28e31d508f357cd7beb3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген, илья ильин
димаш құдайберген, илья ильин
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 мамыр
24 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
24 мамырда қандай мереке аталып өтеді
Бүгін – Еуропалық саябақтар күні. Бұл мерекені тұңғыш рет 1999 жылы Еуропаның 36 елінде табиғи аумақтарды біріктірген еуропалық ұйым бекітті. Бұл күннің таңдалуы тегін емес. Өйткені 1909 жылдың 24 мамырында Швецияда алғашқы тоғыз ұлттық парк құрылды. Сол кезден бері қорғалатын барлық табиғат аумағы Еуропаның құнды табиғи мұрасына айналды. Мерекенің мақсаты - Еуропаның қорықтарына қоғамның қолдауын арттыру. Қазір бұл мейрам табиғи аумақтарды қорғау кезіндегі халықаралық ынтымақтастықты білдіреді. Бұл күні Еуропада бірқатар шара ұйымдастырылады. Көрмелер ашылып, фильмдер көрсетіліп, дәріс оқылады. Саябақтарға экскурсиялар өткізіледі.
Сондай-ақ бүгін Дүниежүзілік видеоойын күні аталып өтеді. 24 мамыр күні үйде қолданылатын Magnavox Odyssey алғашқы ойын консолі таныстырылды. Теледидарға қосылу мүмкіндігі қарастырылған консолді 1972 жылы америкалық Ральф Баер шығарды.
Бүгін Ресейде Кадр қызметкерінің күні. Өмірінде кем дегенде бір рет ресми қызметке орналасқан адам кадр бөлімі қызметкерінің жұмысымен таныс. Ол адамдар барша ұжым үшін жауапты. 1918 жылы Ресейде юстиция халық комиссариатының шешімі бойынша алғашқы кадрлық аппараттар пайда болған. Осылайша, азаматтарды жұмысқа қабылдап, олардың қызметінің заңнамаға сәйкес болуын қадағалайтын жаңа орган құрылды.
24 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1844 жылы Сэмюэл Морзе телеграфы арқылы Вашингтоннан Балтиморға әлемдегі алғаш телеграмма жіберілді;
1956 жылы Швейцарияның Лугано қаласында тұңғыш "Евровидение" байқауы өтті;
1969 жылы The Beatles тобының Get Back әні бес апта бойы америкалық әндер шеруінде бірінші болды;
1995 жылы АҚШ-та Мел Гибсон басты рөл сомдаған "Батыл жүрек" шықты.
24 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1933 жылы "Қазақтың көркем әдебиеті" баспасы құрылды. 1964 жылы баспа атауы "Жазушы" болып өзгерді.
1995 жылы ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет құру туралы жарлық жарияланды;
1996 жылы Қазақстанның ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды;
2006 жылы мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қытайлық шекара бекетіне жетті. Мұнай Шынжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. Бұл - Қазақстан-Қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуінің бастамасы болды.
24 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар
1905 жылы орыс жазушысы, әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолохов дүниеге келді;
1940 жылы орыс ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Иосиф Бродский дүниеге келді;
1941 жылы америкалық әнші, ақын, композитор, жазушы, 2016 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Боб Дилан дүниеге келді.
24 мамырда Қазақстанда кім туды
1921 жылы композитор, қазақ фортепианолық аспаптық музыкасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нағым Меңдіғалиев дүниеге келді. Оның "Домбыра туралы аңыз" атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының танымал туындысы;
1988 жылы қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин дүниеге келді;
1994 жылы танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дүниеге келді. Витебсктегі "Славян базары 2015" байқауының гран-при иегері, ABU TV song халықаралық фестивалінің қатысушысы, "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты, "Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін" ҚР президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. Мәдениет саласының үздігі.