Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы тұңғыш концерті аншлагпен өтті

© Photo : Димаш Құдайберген жеке сайтыДимаш Құдайбергеннің Мехикодағы тұңғыш концерті аншлагпен өтті
Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы тұңғыш концерті аншлагпен өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Әншінің екінші концертіне билеттер 8 минутта сатылып кеткен
АЛМАТЫ, 10 қазан - Sputnik. Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы концерті аншлагпен өтті. Бұл туралы әншінің ресми парақшасында жарияланды.
8 қазан күні Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы тұңғыш жеке концертінде – Мехико қаласының ең әйгілі концерт залдарының бірі "Auditorio Nacional" сахнасында бірде-бір бос орын болған жоқ.
© Photo : Димаш Құдайбергеннің жеке сайтыДимаш Құдайбергеннің Мехикодағы тұңғыш концерті аншлагпен өтті
Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жеке концерті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы тұңғыш концерті аншлагпен өтті

"Концерт басталмай жатып-ақ залдың дәліздерінде тыңдармандар үлкен топ болып мексиканың ұлттық әндерін шырқап, Димаштың есімін футбол жанкүйерлеріндей ұрандатып, ерекше әсерлі атмосфералық көңіл-күй сыйлады", - деп жазған әлеуметтік парақшада.

Димаш ән кешін "Golden" және "Smoke" әндерімен бастады.
Ол көрермендерге қазақ, ағылшын және испан тілдерінде сәлем жолдады.
Димаштың итальян тілінде орындаған "Olimpico", қытай тіліндегі "Battle of Memory", орыс тіліндегі "Любовь уставших лебедей", французша "SOS D’un Terrien En Détresse", испанша "El Amore En Ti", ағылшынша "The Story of One Sky", сондай-ақ қазақ тіліндегі "Махаббат бер маған" және "Ave Maria" әнін көрермендер зор ықыласпен қабылдады.
Бүгін әншінің екінші концерті өтеді. Концертке билет 8 минутта сатылып кеткен.
Айта кетері, бұған дейін оның Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өткен еді.
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Мехико әуежайында адамдар Димаш Құдайбергенді қоршап алды
Жаңалықтар
0