Мехико әуежайында адамдар Димаш Құдайбергенді қоршап алды

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Жазылу
Бұл Димаштың Мексика жеріне алғашқы сапары
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Мехико әуежайында жиналған жұртшылық Димаш Құдайбергенді қоршап алды.
Тыңдарман қауым қазақстандық әншіні осындай ыстық ықыласпен күтіп алды.
Димашты көруге келгендер әуежай ішіне сыймай қалған. Олар "Димаш!" деп ұрандатып, қосыла ән шырқады. Димаш өзіне қошемет көрсеткендерге жылы шырай танытып, олардың кейбір сыйлықтарын қабыл алды.
Димаш Нью-Йорктегі концертінен кейін Мексика еліне гастрольдік сапармен барды. Айта кетейік, бұл Димаштың Мексика жеріне алғашқы сапары.
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі үлкен сахнада жеке концертін берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі үлкен сахнада жеке концертін берді
Жаңалықтар
0