Тоқаев Токио губернаторын І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Жазылу
Токионың "Ақылды қала" бағдарламасы Қазақстанның қызығушылығын тудырды
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Встреча губернатора Токио Юрико Коикэ и Касым-Жомарта Токаева в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Юрико Коикэнің жетекшілігімен Токио әлемдегі ең қауіпсіз, таза әрі тиімді басқарылатын мегаполистердің біріне айналғанын айтты.
"Қазақстан жұртшылығы Сізді мемлекет қайраткері және еліміздің досы, серіктесі деп біледі. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қос халықтың ынтымағын арттыра түседі", – деді мемлекет басшысы.
Президент Жапонияға былтыр жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде екіжақты қарым-қатынас жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне назар аударды.
"Мен Токионың "Ақылды қала" бағдарламасымен таныстым. Бұл біздің қызығушылығымызды тудырды. Себебі елімізде де Smart City тұжырымдамасын ілгерілетіп отырмыз. Сіздің Астанаға келген сапарыңыз пайдалы боларына сенімдімін. Өйткені біз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және мегаполисті басқару тәжірибесін зерделеуге ынталымыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Токио губернаторы мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын жеткізді.
"Сіздің көшбасшылығыңызды, сондай-ақ экономикалық өсім, жасанды интеллект, цифрландыру және инвестиция тарту бағыттарын дамытуды көздейтін іргелі реформаларыңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан өңірдегі экономикасы ірі, ресурсы мол ел ретінде Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб рөлін нығайтып келеді", – деді Юрико Коикэ.
Президент пен губернатор цифрлық технология, инновация, халықаралық қаржы және білім беру секілді негізгі салаларда серіктестік орнату мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Юрико Коикэні І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысы Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2026
Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады
Жаңалықтар
0