Спорттық тағамдарды таңбалау туралы шешім қабылданды

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Жазылу
Нәтижесінде бір елде берілген таңбалау коды одаққа мүше басқа елдерде де жарамды болады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. 20 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кеңесі спортшыларға арналған тағам өнімдерін сәйкестендіру құралдары арқылы міндетті түрде таңбалау туралы шешім қабылдады.
Құжатқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер спорттық тағамдарға таңбалауды өз аумағында қашан енгізетінін және оның нақты тәртібін өздері белгілейді. Бірақ бұл туралы олар ЕЭК-ке алдын ала, кемінде алты ай бұрын хабарлауға тиіс.
Таңбалау барлық ел үшін ортақ бірыңғай ереже бойынша жүргізіледі. Бұл ЕАЭО аясында тауарларды таңбалау жүйесінің 2019 жылы бекітілген базалық технологиялық моделіне сәйкес жүзеге асады.
Осының нәтижесінде бір елде берілген таңбалау коды одаққа мүше басқа елдерде де жарамды болады. Яғни тауар одақ ішінде тасымалданғанда оны қайтадан таңбалау қажет болмайды.
Архивное фото флагов стран-участниц Евразийского экономического союза (ЕАЭС) - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
ЕАЭО-да тауар айналымы 100 млрд долларға жақындады
Жаңалықтар
0