https://sputnik.kz/20260512/eaeo-da-tauar-aynalymy-100-mlrd-dollarga-zhaqyndady-63362302.html
ЕАЭО-да тауар айналымы 100 млрд долларға жақындады
ЕАЭО-да тауар айналымы 100 млрд долларға жақындады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткіш – 95 млрд долларға дейін жетті. Бұл... 12.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-12T21:19+0500
2026-05-12T21:19+0500
2026-05-12T21:19+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/06/84/068482_0:0:2200:1239_1920x0_80_0_0_873907d88b811a7ae70ee56d58f65cda.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткіш – 95 млрд долларға дейін жетті. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.ЕАЭО туралы келісім 2014 жылы рәсімделген болатын. Содан бері бес елдің арасындағы тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы экономикалық өсімнің басты күшіне айналды.Осы орайда министрдің орынбасары Индонезия, Моңғолия мен Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісімшарттарға қол қойылғанын да еске салды.Айта кетері, "Валдай" пікірталас клубының алтыншы Орталық Азия конференциясы Геленджик қаласында өтіп жатыр. Тақырыбы: "Ресей және Орталық Азия: жаңа жаһандық құрылымдағы навигация".Іс-шараға Ресей мен Орталық Азия елдерінің ғалымдары жиналды. Олар жаһандық саясаттағы, халықаралық қауіпсіздіктегі және жаһандық дамудағы негізгі мәселелерді талқылайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/06/84/068482_163:0:2134:1478_1920x0_80_0_0_01fd3baab5bd6e1485f6d0fb78629f17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да тауар айналымы 100 млрд долларға жақындады
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткіш – 95 млрд долларға дейін жетті. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. ЕАЭО туралы келісім 2014 жылы рәсімделген болатын. Содан бері бес елдің арасындағы тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы экономикалық өсімнің басты күшіне айналды.
"Біз одақ құрылғалы бері айтарлықтай экономикалық табыстарға жеттік. 2025 жылы одақ ішіндегі тауар айналымы рекордық деңгей – 95 млрд АҚШ долларынан асты", - деді Галузин "Валдай" пікірталас клубының VI Орталық Азия конференциясында.
Осы орайда министрдің орынбасары Индонезия, Моңғолия мен Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісімшарттарға қол қойылғанын да еске салды.
"Бұның барлығы ЕАЭО елдерінің тауарларын өткізетін нарықтарды кеңейтіп отыр", - деді дипломат.
Айта кетері, "Валдай" пікірталас клубының алтыншы Орталық Азия конференциясы Геленджик қаласында өтіп жатыр. Тақырыбы: "Ресей және Орталық Азия: жаңа жаһандық құрылымдағы навигация".
Іс-шараға Ресей мен Орталық Азия елдерінің ғалымдары жиналды. Олар жаһандық саясаттағы, халықаралық қауіпсіздіктегі және жаһандық дамудағы негізгі мәселелерді талқылайды.