Елдегі кәсіпорындардың су тұтынуын азайтуға арналған экологиялық жобасы іске қосылады

© Photo : weronica0Крандағы су
Крандағы су - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Жазылу
Жоба өндірістік кәсіпорындарды, қонақүйлерді, мейрамханаларды, сауда орталықтарын, кеңселер мен білім беру ұйымдарын қамтиды
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанда кәсіпорындардың су тұтынуын бағалау және азайтуға арналған Smart Water Zone экологиялық жобасы іске қосылады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жоба өндірістік кәсіпорындарды, қонақүйлерді, мейрамханаларды, сауда орталықтарын, кеңселер мен білім беру ұйымдарын қамтиды. Қатысушылар су тұтыну жүйесіне тәуелсіз жедел бағалау жүргізіп, тиімділікті арттыру бойынша практикалық ұсынымдар мен саладағы үздік тәжірибелерге қол жеткізе алады.
Жиналған мәліметтер негізінде салалар бойынша су пайдалану талдауы, қатысушылар туралы ақпарат, нысандардың аумағы, географиясы, су тұтынуды қысқарту динамикасы және су пайдаланудың тиімділігін арттыруға қатысты ұсынымдар қамтылған аналитикалық есеп әзірленеді.
Тексеру қорытындысы бойынша компанияларға "Қола" деңгейінен "Платинаға" дейінгі Smart Water Zone белгісі беріледі.
Еске салайық, Қазақстанның жаңа Су кодексі кәсіпорындарды бес жылдық айналымды және қайталама сумен жабдықтау жүйесіне көшу жоспарын әзірлеуге міндеттейді. Сонымен қатар қолданыстағы жүйелерді озық технологияларды пайдалана отырып жаңғырту қажет. 2026 жыл ішінде барлық кәсіпорын осындай жоспар әзірлеуі тиіс. Ал келесі жылдан бастап оларды кезең-кезеңімен іске асыру басталады.
 Переговоры руководителей водно-энергетических ведомств Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана в Ташкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан су жіберу көлемін бекітті
Жаңалықтар
0