Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан су жіберу көлемін бекітті

© Photo : Пресс-служба Минэнерго Казахстана Переговоры руководителей водно-энергетических ведомств Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана в Ташкенте
 Переговоры руководителей водно-энергетических ведомств Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана в Ташкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Жазылу
Маусым айында министрлердің кезекті кездесуінде шілде, тамыз және қыркүйек айларына арналған су жіберу көлемдері мен кестелері бекітіледі
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның алдағы екі айға Тоқтоғұл су қоймасынан жіберілетін судың көлемін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ташкентте өткен келіссөздер кезінде үш жақты хаттамаға да қол қойылды. Оған сәйкес, Тоқтоғұл СЭС-інен су жіберу кестелері сақталады.

"Бұл қазақстандық және өзбекстандық фермерлерге суару жұмыстарының бастапқы кезеңін кедергісіз әрі тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Аграрлық маусым соңына дейін тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін елдер кезең-кезеңімен әрекет етуге уағдаласты", - делінген ресми хабарламада.

Маусым айында министрлердің кезекті кездесуі өтеді. Сол кезде шілде, тамыз және қыркүйек айларына арналған су жіберу көлемдері мен кестелері бекітіледі.
Жазғы су жіберу көлемдерін келісуге дейін елдер маусымаралық кезеңде жүйелі бірлескен жұмыс жүргізді. 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Қырғызстанның энергожүйесіне 1 560 млн кВт·сағаттан астам көлемде электр энергиясын қарсы жеткізу жүзеге асты.
Бұл қадам көрші елге қыс мезгілінде жылыту қажеттіліктері үшін суды артық пайдаланбауға және Тоқтоғұл су қоймасының ресурстарын бүкіл макроөңірдің қазіргі ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын жаңа мәдени-танымдық туристік маршрут іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерін қамтитын туристік маршрут іске қосылды
Жаңалықтар
0