Тоқаев "Асыл мұра" ұлттық сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Мәдениет пен өнер саласы ел өмірінің ажырамас бөлігі ретінде әрдайым мемлекет назарында болады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды. Бұл туралы ол мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Төл өркениетіміздің осындай теңдессіз қазыналарын дәріптеп жүрген өнер адамдарына қолдау көрсету маңызды. Осы орайда, мен "Асыл мұра" ұлттық сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдайтын болдым. Бұл марапат дәстүрлі өнер өкілдерін қолдауға, олардың шығармашылығын насихаттауға, ұлттық өнердің беделін арттыруға ықпал етеді. Осы жоғары дәрежелі сыйлықпен тиісті министрліктің ұсынысы бойынша мемлекет басшысының жарлығымен лайықты өнер және мәдениет қайраткерлері марапатталады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, мәдениет пен өнер саласы ел өмірінің ажырамас бөлігі ретінде әрдайым мемлекет назарында болады.
"Халқымыз жақсы көретін әйгілі музыканттар, әншілер, актерлер, суретшілер, бишілер, креативті индустрия өкілдері және басқа да өнер шеберлері қазіргі қазақ руханиятының жарқын бет-бейнесіне айналды. Қазақстанның шетелде кеңінен танылған медиа жобасы – Silk Way Star халықаралық ән байқауы. Бұл – заманауи мәдени дипломатияның бір үлгісі", – деді мемлекет басшысы.
Президент бүгінгі кездесу маңызды күннің қарсаңында өтіп жатқанын еске салды. Мұның символдық мәні зор.
"1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО-ның толық мүшесі атанды. Айтпақшы, осыдан 34 жыл бұрын, дәл сол күні министрдің орынбасары ретінде аталған беделді халықаралық ұйымның Париждегі штаб-пәтеріне барып, ЮНЕСКО-ның сол кездегі Бас директоры Федерико Майормен бірге осы тарихи уақиғаға қатысты құжатқа қол қойған едім. Содан бері еліміздің жиырмаға жуық материалдық және материалдық емес мұрасы, соның ішінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО тізбелеріне енді, – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Тоқаев мәдениет және өнер саласындағы мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Тоқаев мәдениет және өнер саласындағы мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Жаңалықтар
0