https://sputnik.kz/20250520/toqaev-madeniet-zhane-oner-salasyndagy-mamandardy-memlekettik-nagradalarmen-marapattady-53712150.html
Тоқаев мәдениет және өнер саласындағы мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Тоқаев мәдениет және өнер саласындағы мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Sputnik Қазақстан
Салтанатты жиында президент елдегі театр ғимараттарын жаңғырту жөнінде сөз қозғады 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T13:11+0500
2025-05-20T13:11+0500
2025-05-20T13:11+0500
марапаттау
ақорда
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53706438_0:73:1280:793_1920x0_80_0_0_fcbb86f0745657a4465f1ca2d2fc4544.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңындағы салтанатты жиында президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.Ол осы саладағы жетістіктер ретінде қазақ киногерлерінің түрлі халықаралық байқауларда жоғары бағаға ие болуын, елордадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын, Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануын баса айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев былтырдың өзінде 45 жаңа мәдениет нысаны салынғанын айтты. Ол бұл жұмыс болашақта да жалғасын табатынын мәлімдеп, оған бизнес өкілдерін атсалысуға шақырды."Театр – руханиятымыздың негізгі тірегінің бірі. Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында аймақтағы театрларды дамыту туралы нақты тапсырма берілді. Театрлардың көпшілігі толық жаңғыртуды қажет етеді. Кейбіріне жаңа ғимарат керек. Осы жұмысқа кәсіпкерлер мен меценаттарды жұмылдырған абзал. Бұл – әлемде кең таралған тәжірибе. Мұндай жобаларға инвестиция салуға дайын азаматтар аз емес. Мен бизнес өкілдерін руханиятымызды дамыту ісіне атсалысуға шақырамын", – деді мемлекет басшысы.Жиында президент ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және елге сіңірген еңбегі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
https://sputnik.kz/20250519/toqaev-turki-memleketteri-uyymynyn-beyresmi-sammitine-qatysady-53658427.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53706438_64:0:1217:865_1920x0_80_0_0_876b2b14ad80a25339f88ef474c0905d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
марапаттау, ақорда, президент
марапаттау, ақорда, президент
Тоқаев мәдениет және өнер саласындағы мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Салтанатты жиында президент елдегі театр ғимараттарын жаңғырту жөнінде сөз қозғады
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлады
Ақорда.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңындағы салтанатты жиында президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
"Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр. Талантты музыканттарымыз әлемдік сахналарда табысты өнер көрсетіп жүр", - деді мемлекет басшысы.
Ол осы саладағы жетістіктер ретінде қазақ киногерлерінің түрлі халықаралық байқауларда жоғары бағаға ие болуын, елордадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын, Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануын баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев былтырдың өзінде 45 жаңа мәдениет нысаны салынғанын айтты. Ол бұл жұмыс болашақта да жалғасын табатынын мәлімдеп, оған бизнес өкілдерін атсалысуға шақырды.
"Театр – руханиятымыздың негізгі тірегінің бірі. Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында аймақтағы театрларды дамыту туралы нақты тапсырма берілді. Театрлардың көпшілігі толық жаңғыртуды қажет етеді. Кейбіріне жаңа ғимарат керек. Осы жұмысқа кәсіпкерлер мен меценаттарды жұмылдырған абзал. Бұл – әлемде кең таралған тәжірибе. Мұндай жобаларға инвестиция салуға дайын азаматтар аз емес. Мен бизнес өкілдерін руханиятымызды дамыту ісіне атсалысуға шақырамын", – деді мемлекет басшысы.
Жиында президент ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және елге сіңірген еңбегі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.